Жаңалықтар

ЕРЛЕРДIҢ ТҰҢҒЫШ ЖУРНАЛЫНА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!

ашық дереккөзі

ЕРЛЕРДIҢ ТҰҢҒЫШ ЖУРНАЛЫНА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!

Ерлерге арналған тұңғыш республикалық "Дарабоз" журналының жарыққа шыққанына да, мiне, 1 жылдан астам уақыт болыпты.Осы уақыт iшiнде бұл журнал елiмiздiң саяси, қоғамдық, әлеуметтiк және мәдени ахуалына өзiндiк үн қосып, халық сұранысына ие болып та үлгердi. Айына бiр рет жарық көретiн "Дарабоз" журналы көкейкестi мәселелерге үн қосуымен қатар, түрлi-түстi безендiрiлуiмен де оқырманды баурап келедi.

"ИМАН" Республикалық Қоғамдық Қорының басшылығымен жарыққа шыққан журнал елiмiздiң барлық аймағына тарайды. Қазақ зиялылары, саяси элита және студенттер журналдың негiзгi оқырмандары болып табылады.

Көпшiлiк көзайымына айналған "Дарабоз" журналының оқырмандары көбейе бергей деген тiлекпен көзi ашық, көкiрегi ояу азаматтарды журналдың тұрақты оқырманы болуға шақырамыз.

Айдана Оразбаева, ХҚТУ-дың журналистика бөлiмiнiң 2-курс студентi