Жаңалықтар

ЧАКАНЫҢ ЕЛIНДЕГI ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

ашық дереккөзі

ЧАКАНЫҢ ЕЛIНДЕГI ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

Ертең футболдан әлем додасының байрағы көтерiледi

ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында оңтүстiк Африкада король Чаканың даңқы қара құрлықты дүбiрлетiп, қатыгез билеушi құрған зұлыстардың орасан зор, қуатты империясы қарсыластарының үрейiн ұшырған болатын. Айбынды Чака мен ержүрек зұлыстар көп ұзамай-ақ әлемдiк аңызға айналды. Ағылшын жазушысы Хаггардтың "Сүлеймен патшаның кенiшi" шытырман оқиғалы романының дүниеге келуiне де король Чака мен қаһарман зұлыстар елiнiң қайталанбас тарихы зор әсерiн тигiзгенi белгiлi. Осылайша әлемдiк әдебиеттiң жауһар үлгiсi — ғажайып шығарма дүниеге келiп, сандаған ұрпақтың қара құрлық адамдарына деген құрметiн оятты. Ұлы Абайдың мәңгiлiк "Медғат-Қасым" поэмасында да ержүрек зұлыстар туралы сөз болғанын бiлемiз.

ХХ ғасырдың басында тап осы өлкеде алмас кенiштерi мен оңтүстiк Африканың шексiз байлығына қызыққан ағылшындар мен байырғы бурлардың қантөгiс соғысы әлемнiң назарын тағы да аударған едi. Екi соғыстың нәтижесiнде бұл аймақ кезiнде ұлы империя құрған британдықтардың құлдық отары болып шыға келсiн.

Осылайша әр ғасырдың басында әлемнiң назары Оңтүстiк Африкаға ауатыны әдетке айналды. Ендi, мiне, ХХI ғасырдың басында адамзаттың назары тағы да қара құрлыққа ауып отыр. 11 маусым күнi жалауын көтерiп, 11 шiлдеге дейiн созылатын футболдан әлем додасы жаһандағы жүздеген миллион жанкүйерлердiң көзайымына айналмақшы. Тағы да жұртшылық назары Оңтүстiк Африка елiнд!

Жаңабек ШАҒАТАЙ