Жаңалықтар

ШЕНЕУНIК ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

ашық дереккөзі

ШЕНЕУНIК ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

Ауылшаруашылық министрлiгi, Агроөндiрiс кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң төрағасы Серiк Сүлейменов қаржы полициясының қызметкерiне пара беру кезiнде қолға түстi.

Күдiктi бұған дейiн қызмет бабын пайдалана отырып Павлодар облысындағы "Қашар" нан қабылдау мекемесiне үш рет заңсыз уақытша басқару енгiзуiнiң салдарынан кәсiпорынның 5 мың 200 тонна бидайы жарамсыз болып қалды. Ал, мемлекетке келген шығын көлемi 68,2 миллион теңгенi құрады. Сондай-ақ, ол "Зерновой интервационный пункт" ЖШС-нiң 7 мың тонна астығын ысырап еткен. Сүлейменов өзiнiң заңсыз әрекетiн мойындағанымен қоса, қаржы полициясының қызметкерiне қылмыстық iстi қозғамауын сұрап, қомақты көлемде пара ұсынған. Алайда, оның арам ойы жүзеге аспай қалды. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң ресми өкiлi Мұрат Жұманбайдың айтуынша, ол қаржы полициясы қызметкерiне 50 мың доллар пара берiп жатқан жерiнде ұсталған. Осы дерекке қатысты қаржы полициясы дереу тексерiс жүргiзудi бастады. Серiк Сүлейменовке айып тағылып, оның үстiнен қылмыстық iс қозғалды және сот санкциясымен тұтқындалды.

Бердiкей Мұқаш