Жаңалықтар

БИIК ТАУДАҒЫ “БАҚЫТ ЖОЛЫ”

ашық дереккөзі

БИIК ТАУДАҒЫ “БАҚЫТ ЖОЛЫ”

Жақында "Медеу" спорткешенiнде халықаралық жүгiру күнiне орай, Медеу аудандық әкiмдiгi мен "Ort class" стоматологиялық клиникасы, сондай-ақ "Аir Аstana" және "Сolgate" компаниялары "Бақыт жолы" атты қайырымдылық марафон жарысын ұйымдастырды. Медеу ауданының әкiмi Махамбет Бейдәлiұлы бастаған аталмыш жарысқа мектеп оқушылырынан бастап қарияларға дейiн "Денi саудың — жаны сау" болатындығын үлгi еттi. АҚШ, Өзбекстан, Кения сияқты шет мемлекеттерден келген қонақтар салауатты өмiр салтын ұстанатындығын дәлелдесе, халық ықыласына бөленiп жүрген "Орда" тобы да жиналған жұртқа қолдау көрсетiп, әндерiмен қуантып тастады.

Негiзi қайырымдылық жасау үрдiсi Батыс елдерiнде жақсы жолға қойылған. Нью-Йоркте бiлiм алып жүрiп қайырымдылық жасауды үйренген "Ort class" стоматологиялық клиникасының иесi Сандуғаш Белгiбаева: "Мақсатымыз — тек салауатты өмiр салтын насихаттау ғана емес, Балалар үйiнде тәрбиеленiп жатқан бүлдiршiндерге көмек көрсету. Жиналған қаражатқа бiз балаларға қажеттi дүниелердi алып беремiз. Бұл шара игi бастамалардың бiр парасы деп сенемiн" — дейдi. Қайырымдылық марафон жарысынан жиналған қаражат Медеу ауданындағы 3 Балалар үйiне тапсырылатын болды. Жарыста алғашқы болып келген жеңiмпаздарға "Ort Class" стоматологиялық клиникасының сертификаттары мен "Air Аstana" компаниясының ел iшiне және шет мемлекеттерге тегiн жүру билеттерi табыс етiлсе, ал "Colgate" компаниясы жүлдегерлердi құнды сыйлықтармен марапаттады.

Дайана ТОҚБЕРГЕНОВА,ҚазҰУ- дiң журналистика факультетiнiң 2-курс студентi