Жаңалықтар

БАЛАЛАР ШЫРҚАЙТЫН ӘНҰРАН

ашық дереккөзі

БАЛАЛАР ШЫРҚАЙТЫН ӘНҰРАН

Аптаның басында республикалық және халықаралық конкурстар лауреаты Мақсат Жәутiков Балалар үйiндегi және түзету мекемелерiндегi балалармен бiрге "Мейiрiм жұлдыздарды жағады" фестивалiнiң әнұранын бiрлесiп жазды.

"Макс" өлең жазу студиясы жас таланттарды шыңдап, үлкен сахнаға жол сiлтей отырып, тәлiм-тәрбие бередi. Сонымен бiрге бұл акция шеңберi арнайы мектеп-интернат балалары үшiн шебер-сыныптар сериясын өткiзiп, жас дарындар сахна шеберлiгiн, вокал мен ритмиканы үйренедi. — Қазақтың атақты әншiлерi мен музыканттарының қатысуымен фестиваль, шебер-сыныптар ұйымдастыру жетiм балалардың мүмкiндiктерiн анықтауға және дамытуға мүмкiндiк бередi. Бiз балалармен ерекше жұмыс жасаймыз. Бүгiнде "Мейiрiм" фестивалiн екiншi рет ұйымдастырғалы отырмыз. Соның нәтижесiнде көптен берi ойда жүрген әнұранымызды жаздырдық. Бұл ән 1-маусым балаларды қорғау күнiнде орталық саябақта шырқалатын болады, – дейдi Марат Оспанов қорының президентi Оспанова Бақыт Ахметқалиқызы.

Студент кезiнен балалармен жұмыс жасауды арман еткен композитор Мақсат Жәутiков балалар шығармашылығының белсендiлiгiн арттыру, отандық композиторлар мен жазушылардың шығармашылығын қолдау мақсатында, балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылық ұйымдарының репертуарын авторлық озық туындылармен толықтыру, отансүйгiштiк пен туған жерiн сүюге баулу, музыкалық-эстетикалық тәрбиенi жетiлдiру мақсатында маусым айының 11-жұлдызында студенттер сарайында "Тамшылар" атты ән фестивалiн ұйымдастырады.

Ақбота Мұсабекқызы,

ХҚТУ-дың журналистика кафедрасының студентi