Жаңалықтар

СУ БҰРҚАҚТАР АТЫЛҒАН КҮН

ашық дереккөзі

СУ БҰРҚАҚТАР АТЫЛҒАН КҮН

Соңғы қоңырау. Жас жеткiншектердiң мектеппен қоштасар сәтi бұл. 25 мамыр – балдырған жастың алтын ұя мектебiн қия алмайтын, қимастықпен қоштасатын күнi. Дәл осы күнi соңғы қоңырауын соққан жас ұлан жаңа қадамға, жаңа белеске бет бұрады.

Ал, дәл осы күнi Алматының көктемi тағы бiр мерекемен ұласқан. Жыл сайын дәстүрлi мерекеге айналып бара жатқан су бұрқақтардың мейрамы биыл да әдеттегiдей Абай атындағы опера және балет театры алаңынан басталды. Аталмыш театрдың алдындағы ең үлкен су бұрқақ қала әкiмi Ахметжан Есiмовтың арнайы құттықтауымен ашылды.

Су бұрқақтардың мерекесi күнi қаланың жетi ауданында 125 су бұрқақ күмiс су шашты. 125 су бұрқаққа мемлекет тарапынан 400 млн. теңгедей қаржы бөлiнiптi. Халықтың игiлiгi үшiн бой көтерген су бұрқақтар мерекесiнiң соңы концерттiк бағдарламаға ұласты. Қала жұртшылығы ән тыңдап, күй күмбiрiне елтiп, жырдан шашу шашқан өнерпаздардың өнерiне тәнтi боп тарасты.

Гүлмира ЕРУБАЕВА,

ҚазҰУ-дың журналистика факультетiнiң 3-курс студентi