Жаңалықтар

БIР ОТБАСЫ – БIР КОМАНДА

ашық дереккөзі

БIР ОТБАСЫ – БIР КОМАНДА

Таяуда Талдықорған қаласында Азаматтық Альянс әлеуметтiк кампаниясының қатысуымен ҚР Президентiнiң жүлдесi үшiн 4 Халық спорты ойындарының бағдарламасына сәйкес спорттық отбасылар арасында облыстық жарыс өттi.

Спорттық отбасылар арасындағы сайысқа ата-аналармен қоса балалары да қатыса алады. Ойын шарты бойынша жеңiл атлетика, би және эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық акцияға қатысып отырған жас ана "салауатты өмiр салтын қалыптастыру өте пайдалы. Балаларымыз бiзге қарап, бiрге жарысуы — үлгi болатын шара. Бiз отбасы болғандықтан, бiр командамыз", — деп оң пейiлiн бiлдiрдi.

"Түркiстан-ақпарат"