Жаңалықтар

ҮШАЯҚТЫ "БАЛДЫРҒАН" ҮШ МҮШЕЛГЕ КЕЛЕДI

ашық дереккөзі

ҮШАЯҚТЫ "БАЛДЫРҒАН" ҮШ МҮШЕЛГЕ КЕЛЕДI

Биыл "Балдырған" велосипедiнiң шығарылып жатқанына 35 жыл толып отыр. Қарағанды қаласындағы "Металл бұйымдары зауыты" ЖШС әлi күнге дейiн құрастырып келедi. Балалардың қуанышына айналған "балдырған" 1975 жылдан берi кеңес үкiметi аумағында үлкен сұранысқа ие.

Дәл осы үшаяқты "балдырғанның" iзiмен КСРО көлемiнде әйгiлi "Пионер", "Орленок", "Кама", "Урал" дүниеге келгенiн айта кеткен жөн. Әйтсе де бүгiнге дейiн iлiнiп-салынып әрең жеткен велосипед түрiнiң алғаш бiздiң елiмiзде шығарылғанын екiнiң бiрi бiлмейдi. Сапасы мен сыры мықты болса да, бүгiнгi "балдырғанның" шамасы бұрынғыдан әлдеқайда нашар, әлсiз екен. Оған себеп, отандық нарықты бәсекеге төтеп беретiн жапондық, еуропалық стандартқа сәйкес түрлi функциялы велосипедтiң жаулауы. Үшаяқты велосипед бұдан әрi де шығарыла беретiн болады. Тек отандық тауарды қолдауда сұранысқа ие осындай өнiмдердi ұмыт қалдырмаған жөн.

Аманжол БЕЙIМБЕТ