Жаңалықтар

ТЕМIРТАУДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ

ашық дереккөзі

ТЕМIРТАУДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ

Жуырда, Темiртау қаласында Қазақстан Азаматтық Альянсының қолдауымен "Бiрлiгiмiз жарасқан!" деген атаумен денсаулық эстафетасы ұйымдастырылды. Биыл Темiртау қаласының 50 жылдық мерейтойына орай түрлi мерекелiк жиындар өтiп жатыр.

Мерейтойлық шараға қала әкiмшiлiгi, жергiлiктi кәсiпкерлер мен ПМК қызметкерлерi қатысты. Бұл шара барысында қала тұрғындарын жаңа спорт түрлерiмен таныстыру да қарастырылыпты. Темiртау жастар клубының бастамасымен қолға алынған эстфетаға спортшылар, бишiлер мен әншiлер атсалысып, спорт алаңдары қалпына келтiрiлдi. "Бiздiң штаб және 5 мектеп штабы осы уақыт iшiнде үлкен кәсiби бiр команда құрып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүр", – дедi Темiртау жастар клубының басшысы Алексей Ломакин.

Мұндай акциялар бұған дейiн де өлкелерде ұйымдастырылды.

«Түркiстан-ақпарат»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНI ТОЙЛАНДЫ

Жуырда Шымкент қаласында Халықаралық отбасы күнiн ОҚО-ның көп балалы отбасылар, "Ғибрат" АҚ мен Азаматтық Альянс командасы қарсы алды.

"Отбасы күнi — жас мейрам. Бiрақ бiз оны бiрiншi рет өткiзiп отырған жоқпыз. Жергiлiктi атқарушы органдардың, мәслихаттар мен депутаттармен, денсаулық сақтау және бiлiм беру өкiлдерiмен бiрге ұйымдастырылады", — дейдi ОҚО Азаматтық Альянс өкiлi Зәуре Балбарақова.

Бұл шара барысында көп балалы отбасы мен жағдайы нашар отбасыларға заң, медицина, бiлiм алу мәселелерiне байланысты көмек көрсетiледi. "Осындай күндерде Қазақстанның нығаюы мен дамуына тату, жұмылған жанұялар ықпал ететiнiне көз жеткiземiз", — дедi "Ғибрат" АҚ заңгерi Әмiр Ибраев.

«Түркiстан-ақпарат»