Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ АУҚЫМДЫ ТАҚЫРЫПТАРЫ

ашық дереккөзі

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ АУҚЫМДЫ ТАҚЫРЫПТАРЫ

2010 жылы 24 мамырда Астана қаласында "Техникалық реттеу 2012: Бiрыңғай техникалық нормалау және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк аумағында тану" атты халықаралық конференция өтедi.

Конференцияның негiзгi мақсаты – сауда саясатындағы кедергiлердi жою және тұтынушыларды қауiпсiз және сапалы өнiммен қамтамасыз ету мақсатында Кеден аумағына қатысушы елдерiнiң техникалық реттеу жүйесiн үйлестiру.

Бұл шараға Кеден одағына қатысушы елдер үкiметтерiнiң ресми өкiлдерi, сондай-ақ бизнес қауымдастығы, Еуропа Одағының және Қазақстан, Белорусь және Ресейдiң қоғамдық өкiлдерi қатысады.

Орталық пiкiрсайыс алаңымен қатар, конференция аясында пiкiр алмасу "Экономикалық кеңiстiкте техникалық реттеудiң бiрыңғай жүйесi"; "Стандарттау бойынша экономикалық пайда"; "БЭК аумағында сәйкестiк растау процедураларын бiрыңғайландыру" тақырыптары бойынша үш секцияда өтедi.

Халықаралық конференцияны Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi ұйымдастырып отыр.

Конференцияға қатысу үшiн Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесi, 5 конференц-залға барлық мүдделi тұлғалар, бизнес қауымдастығының өкiлдерi шақырылады.

Тiркелу 2010 жылғы 20 мамырға дейiн: ҚР ИжЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң сайтында http://memst.kz/ru/ts/reg.php адресi бойынша, сондай-ақ +7 7172 79 33 28 телефоны бойынша жүргiзiледi.