АРДАГЕР ҚАРТПЕН БОЛҒАН ӘСЕРЛI КЕЗДЕСУ
АРДАГЕР ҚАРТПЕН БОЛҒАН ӘСЕРЛI КЕЗДЕСУ
Жеңiстiң 65 жылдығына байланысты жер-жерде түрлi мерекелiк iс-шаралар ұйымдастырылып келедi. Соның бiр парасы – Алмалы ауданына қарасты М.Әуезов атындағы №128 жалпы бiлiм беретiн мектепте де жалғасып, ардагерлерге «65 жылдық мерейтой» медальдарын табыс ету рәсiмi өттi.
Отан үшiн от кешкен аталарымызды құрметтеу кешiн мектеп директоры Фарида Сәбiшқызы Қабылбекованың басшылығымен сынып жетекшiлерi Алма Серiкбаева мен Шарапат Қошқарбаева ұйымдастырса, 8 «В», 9 «Б» сынып оқушылары мұғалiмдерге зор қуанышпен көмек көрсеттi. Ал мектебiмiзде бiрнеше жыл бұрын құрылған «Азамат» ұйымының белсендi мүшелерi А.Аманжолова, Т.Жаңабаева, Ә.Нұрғазиев, С.Болат, А. Сүлеймен, т.б. ардагерлерге арнайы құрмет көрсетiп, кейбiр жүрiс-тұрысы қиындап кеткен ардагерлердiң үйiне барып құттықтады.
Сондай-ақ, мектебiмiзде Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына байланысты «Жеңiс туы желбiресiн мәңгiлiк!» тақырыбында Ұлы Отан соғысының ардагерi, халық жазушысы Әзiлхан Нұршайықовпен кездесу кешi өттi. Әсерлi кеште оқушылар ардагер Әзiлхан атадан көкейiндегi сұрақтарына жауап алды. Кеш барысында мектебiмiздiң жас ақындары Бексұлтан Нөкербанов, Алихан, Бақытжан Наримандар «Бауыржан Момышұлы», «Әлия», «Сұм соғыс» атты сиясы кеппеген жаңа өлеңдерiн оқыса, А.Рақым, Д.Бектас, Қ.Асылбек Әзiлхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» шығармасынан үзiндi қойып, батыр бейнесiн сомдады. Мектебiмiздiң әрбiр түлегiнiң жүрегiн тебiрентпей қоймаған кездесудiң тартымды да қызықты өтуiне тарих пәнiнiң мұғалiмдерi Күлпан Әбзеева, Нағима Мәуленкүл және мектептiң кiтапхана меңгерушiсi Орынбике Ерекеева өз үлесiн қосты. Ал, соғыс жылдарындағы iндер көрiнiсi ретiнде Зайра Сләмбекқызы, Төлеужан Молдабаева, Сайраш Бекболатова секiлдi бiлiктi мұғалiмдер «Кестелi орамал» әнiн нақышына келтiрiп орындап, бiр сәт өткен күндердi ардагердiң көз алдына әкелдi. Кездесу соңында Әзiлхан Нұршайықов өз ризашылығын бiлдiрiп, өскелең ұрпаққа ақ батасын бердi.
А.ҚАЙЫРБАЕВА