Жаңалықтар

"АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ" СЫЙЛЫҒЫНА АСЫҒЫҢЫЗ!

ашық дереккөзі

"АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ" СЫЙЛЫҒЫНА АСЫҒЫҢЫЗ!

Биыл жалпыұлттық журналистика саласындағы "Алтын жұлдыз" сыйлығына 15 жыл толады. Журналистика мен бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қолдау көрсету, Қазақстан қоғамында журналист мәртебесiн көтеру, отандық БАҚ арасында бәсекелестiктi дамыту, үздiк журналистердi шығармашылық iзденiсi мен шеберлiгi үшiн көтермелеу мақсатында тапсырылып келе жатқан бұл сыйлықтың салтанатты рәсiмi биыл мамыр айында өтпекшi. 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының сыйлығына айналған 15 жыл iшiнде "Алтын жұлдыз" Қазақстан Республикасында электронды және баспа БАҚ саласындағы танымал, бiрегей, бәсекеден тыс жалпыұлттық журналистiк сыйлық болып табылады. "Алтын жұлдыз" лауреаттарына сыйлықты журналистика Академиясының мүшелерi — отандық БАҚ мэтрлерi тапсырады. Бұл сыйлық 17 аталым бойынша табыс етiлмек. Сондай-ақ, Журналистика академиясының "Алтын Самұрық" сыйлығы мен "Аққу" атты сыйлығы да бар. Галина Күзембаева атындағы "Аққу" сыйлығы отандық журналистикаға сүбелi үлес қосып жүрген әйел журналистерге берiледi.

Басты талаптар:

1. Сыйлықтың лауреаттары отандық журналистиканың дамуына айтарлықтай үлес қосқан БАҚ, медиа жобалар мен журналистер бола алады.

2. Сыйлыққа үмiткерлердiң ұсыныстары мен олардың материалдарын Журналистика Академиясының мүшелерi сараптайтын болады.

3. Үмiткерлер әр аталым бойынша құпия дауыс арқылы анықталады.