Жаңалықтар

ТЕАТР ТҮРКИЯДАН ОРАЛДЫ

ашық дереккөзі

ТЕАТР ТҮРКИЯДАН ОРАЛДЫ

Халықаралық театр фестивальдерi театрдың өзiндiк iзденiсiн көрсетiп қана қоймайды, ел мен елдiң арасындағы мәдени ошақтарды байланыстыратын алтын көпiр десек те болады.

Кеше Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрдың ұжымы Түркиядан оралды. Түркияда өткен халықаралық театр фестивалiне қазақ театры "Махаббат дастанын" алып барған. "Махаббат дастаны" – марқұм Қайрат Сүгiрбектiң соңғы туындысы. Қозы Көрпеш пен Баянның махаббатын бейнелейтiн спектакль шығыс халықтарының да көңiлiнен шыққанға ұқсайды. Театрдың директоры, профессор Есмұхан Обаевтың пiкiрiне қарағанда, қазақ театрының қойған қойылымы өзге елдердiң театрларының көрсетiлiмдерiне пара-пар деңгейде өтiптi.

"Театр фестивалi бiздiң әртiстерiмiзге көп нәрсенi үйреттi. Бауырлас елдердiң сахна саңлақтарымен танысып, тәжiрибе алмастық. Өзге елдердiң қойылымдарындағы сахналық философияны көрдiк. Актерлерiмiз өзгелерден көп нәрсенi үйренуге тырысты, кемшiлiктерiн байқады. Ең бастысы, режиссуралық iзденiс пен актерлiк шеберлiктi көрiп қайтты", – дейдi театр басшысы Есмұхан Обаев.

Гүлзина Бектасова