Жаңалықтар

ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШАТЫН ЖОБА

ашық дереккөзі

ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШАТЫН ЖОБА

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық паритясының «Жас Отан» Жастар қанаты Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» Халықаралық степендиясы степендиаттар Қауымдастығымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қолдауымен 15-наурыздан бастап «Жастар кадрлық резервi» жобасына қатысуға құжаттарды қабылдауды жариялайды. Жобаға жоғары оқу орнын бiтiрген 29 жасқа дейiнгi ұшқыр ой-пiкiрлi Қазақстан Республикасының жас мамандары шақырылады.

Байқауға қатысушылары аймақтық ұйымдастыру комитетiне келесi құжаттамаларды ұсынады:

– түйiндеме (ТАӘ, мекен-жайы, байланыс телефондары (үй, жұмыс, ұялы), оқу орны/жұмысы, e-mail көрсетiлген);

– құжаттар көшiрмелерi (бiлiм алғанын растайтын куәлiк, сертификаттар және т.б.);

– қатысушыға беделдi партия мүшелерiнен, жоғары оқу орындары, ұйымдардың басшыларынан берiлген ұсыныс;

– фотосурет (jpg, 800*600, ресми стилде);

– қатысушылар жөнiнде қосымша ақпарат

– Қосымша ақпарат.

Белгiленген шарттарға сәйкес келмеген, сондай-ақ қабылдау мерзiмi өткеннен кейiн келiп түскен құжаттамалар ұйымдастыру комитетiнiң қарауына қабылданбайды.

Толық ақпаратты www.rezerv.kz сайтынан алуға болады.