Жаңалықтар

ҚАРЛЫҒАШТАЙ ҚАНАТЫМЕН СУ СЕПКЕН

ашық дереккөзі

ҚАРЛЫҒАШТАЙ ҚАНАТЫМЕН СУ СЕПКЕН

Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан №99 орыстiлдi балабақшасын есiгiн ашқан сайын сәбилердiң «Сәлеметсiз бе?!» деп таңдайлары тақылдай амандасқандары құлаққа жылы естiледi. Мiне, бүгiн де алдымнан жүгiрiп шыққан топ бүлдiршiндерi қазақша iлтипатпен амандасып жатыр. Кәдiмгi қазақ үйiндегi жамырасқан қарадомалақтың ортасына түскендей сияқтысың.

Соңынан жымиып келе жатқан апайдың: «Үлкен адамның алдын кеспеу, амандасу – бiздiң ең бiрiншi iлтипатымыз. Жарайсыңдар, балалар!», – деп бүлдiршiндерге қазақша сөйлейдi. Негiзiнен топта басқа ұлт өкiлдерiнiң балалары бар. Мұнда қазақ тiлi пәнi он жетi жылдан берi жүргiзiлiп келедi.

Шынында да үйренiп қалған ұжымы және қазақ тiлiн бiр кiсiдей бiледi. Бүлдiршiндерге қазақ тiлiн үйретуде мамандардың бiлiмiн жетiлдiру институтының берген көмегi көп болды. Арнайы курстарға барып, сабақ берудiң әдiс-тәсiлдерiн меңгерген. Өзi де қаражаяу емес, жоғары бiлiмдi педагог. Содан берi мiне, он жетiншi көктем келдi. Ұжымда Ұлыстың ұлы күнi – Наурыз мерекесi аталып өттi. – Өзiм сабақ беретiн топ балаларына ата-салтымыз, дәстүрiмiз, Наурызға байланысты мақал-мәтелдердi, бата мен тiлектi таныстырамын, сабақ барысында Ұлттық кейiпкерлерiмiздiң қатысуымен мини-скетчтер, ойын-сауықтар, спектакльдер ұйымдастырамыз. Балалар өздерiне берiлген рөлiн ерекше ынтамен ойнайды.

Бүгiнде Лима Аманжолқызы сабақ беретiн №99 балабақшада екi бөлмеден тұратын қазақ тiлi сыныбы бар. Бөлме iшi ұлттық бұйымдармен, қазақ халқының дәстүрiн паш ететiн құралдармен толықтырылған. Қазақ тiлi жөнiндегi көмекшi құралдар мен көркем әдебиеттер қаншама? Ер Төстiк пен Алтын сақа секiлдi сонау өзiмiзге бала кезден етене таныс ертегiлердiң кейiпкерлерiнiң суреттерiн осы жерден көруге болады. «Осы екi бөлменi әрлеп, қазақ тiлi кабинетi қылуға ұсыныс айтқан меңгерушiмiз Тамара Ефимова Кирилловнаға мың да бiр рақмет, – дейдi Л.Аманжолқызы, – Бұрынғы отырған бөлмемiз аядай ғана едi. Балаларға сабақ беру барысында көп кемшiлiктер мен кедергiлерге кездесетiнбiз. Қазақтың кең даласы секiлдi кабинетiмiзде қазақ тiлiн басқа ұлт өкiлдерiне қолымыздан келгенше үйретудемiз» деп өз iсiне көңiл тоятындығын жеткiздi.

Мiне, Лима апайдың сабағына тағы да бiр келесi топ бүлдiршiндерi келiп жатыр. Барлығы да тiлдерiн бұрап: «Сәлеметсiзбе, апай?» деп жамырасып, амандасуда. Ал, жас ұрпақтың бойына қазақ тiлiнiң дәнiн сеуiп, рухын оятып жүрген Лима Аманжолқызының алатыны алғыс екенi сөзсiз.

Әйгерiм ҚҰМАР