Жаңалықтар

«БТА» БАНКI ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛДЫ

ашық дереккөзі

«БТА» БАНКI ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛДЫ

Әлемдiк дағдарыс әкелген ауытрпалықты елiмiздегi қаржы нарығының көшбасында келе жатқан банктер көтере алмай қалған болатын. Алайда, қара тұман сейiлiсiмен, банкротқа ұшыраған банктер бiртiндеп аяғынан тұра бастады. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының араласуымен осымен үшiншi банк қарыздарынан құтылды. Атап айтар болсақ, «Альянс», «БТА» және «Темiр» банктерi қарыздарының басым бөлiгiн жауып үлгiрдi.

Қайта құрылымдалған «БТА» банкi сыртқы инвесторларға 11,5 миллиард доллар берешегiн 4 жарым миллиард долларға дейiн қысқартты. Ал «Темiр» банктiң 61 миллон доллар қарызы ғана қалған. «Самұрық-Қазына» холдингiнiң басшысы Қайрат Келiмбетов осымен үш банктiң қарызын жауып, қайта құрылымдалғанын жария еттi. «Ұлттық банк пен қаржы бақылау агенттiгi көмегiнiң арқасында банктер ауқымды жұмыс атқарды. Осының арқасында қаржылық сектор тұрақты дамудың жаңа деңгейiне көтерiлуi тиiс», — дедi Қ.Келiмбетов. Сондай-ақ, сыртқы инвесторлармен жүргiзiлген келiссөздер нәтижесiнде аталған үш банктi қайта құрылымдау үшiн 11 миллиард доллар жұмсалған.

Ж.ҚҰТТЫҒАЛИЕВА