Жаңалықтар

«ҮШ ҚОҢЫР» – ӘДЕБИЕТ ЖАНАШЫРЫ

ашық дереккөзі

«ҮШ ҚОҢЫР» – ӘДЕБИЕТ ЖАНАШЫРЫ

Қазақ баспасөзiне жаңа леп қосылды. Жуырда қазақ әдебиетiн, мәдениетi мен өнерiн нысанға алған «Үш қоңыр» газетi дүниеге келдi.

Алғашқы номерлерден-ақ өзiндiк бағыт-бағдарын айқындаған «Үш қоңырдың» алға қойған мақсаттарының бiрi – әдеби сын жанрына баса көңiл бөлмек. Сондай-ақ, мәдени-әдеби мәселелермен қатар қоғамның тұспалды тұстары да басылым мазмұнын толықтара түспек. Болашақта оқырман назарына салып, хабардар етудi басылым мойнына алып отыр. Басылым құрылтайшысы – «Үш қоңыр» қорының төрағасы Болат Батыр. Үш қоңыр – үш жүздi бiр байрақтың астына бiрiктiрер басылым болмақ. Қазақтың қасиеттi жерiмен аталған бұл газетте қазiргi мәдениет мәселелерi кеңiнен тарқатылған. Ендеше, басылым оқырман қауымға ұлттық өнер мен әдебиетке сыңар ұғым ретiнде жол тартады деген ниеттемiз!