Жаңалықтар

МОҢҒОЛИЯДА 5 млн. МАЛ ҚЫРЫЛДЫ

ашық дереккөзі

МОҢҒОЛИЯДА 5 млн. МАЛ ҚЫРЫЛДЫ

Биылғы қатал қыс көршi елдердi де әбiгерге салды. Дәл қазiр моңғол елiнде де ахуал көңiл көншiтерлiк емес. Бәрiнен де қарапайым малшыларға ауыр тидi. Етiн сатып, сүтiн сауып күнелткен 5 миллиондай iрi-қара 5 күннiң iшiнде қырылып қалыпты. Бұл аздай, елде саяси жағдай да күрделене түскен.

Бiр-екi күндiкте Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өткен наразылық акциясына жүздеген адам қатысты. Үкiметке қарсы ұрандар айтылып, қауiпсiздiк шаралары күшейтiлдi. Жиналған жұрттың негiзгi талабы – ауыл халқының тұрмысын жақсарту, жұмыспен қамтамасыз етiп, бiлiм алуды тегiн қылу. Және олар ел президентiн сайлау алдында берген уәдесiн орындамағаны үшiн сөктi.

Моңғолия үшiн қыс тым қатал болып, төрт-түлiк малдың оннан бiр бөлiгi қырылды. Ал, халықтың төрттен бiрi – көшпендi. Сондықтан, жұттың зардабын тартқан талай малшы байырғы өмiр салтын өзгертiп, болашақта қалаларға жаппай қоныс аударуы ғажап емес.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ