Жаңалықтар

«МIНБЕР» СЕМИНАР ӨТКIЗЕДI

ашық дереккөзі

«МIНБЕР» СЕМИНАР ӨТКIЗЕДI

Соңғы кезде қазақ қоғамы медиа технология саласын әжептәуiр зерттеп-зерделеп жүр. Әсiресе, тiлi қазақша сөйлей қоймаған интернет саласының мамандары арнайы семинар-тренингтер өткiзiп, ауқымды шаралар атқарып келедi.

«Мiнбер» журналистердi қолдау орталығы Сорос Қазақстан қоры мен ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымы) Алматыдағы өкiлдiгiнiң қолдауымен «Қазақтiлдi ақпарат тәжiрибесiне жаңа медиа технологияларын енгiзу» тақырыбында мамыр айының 28-29 күндерi екi күндiк семинар-тренинг өткiзбекшi. Семинар-тренингке қазақ тiлiнде жаңа медиа технологияны түсiнгiсi келетiн, журналистiк қызметiнде ғаламтор мүмкiндiгiн (блог, микроблог, әлеуметтiк желiлер, web 2.0 тәсiлдерi) кеңiрек пайдалануды көздейтiн журналистер мен журналистикаға бейiмi бар азаматтар шақырылады.

Тренингке қатысамын деген үмiткер «Жаңа медиа және қазақ басылымы», «Блоггер болғым келедi» тақырыптарында мақала жазып, «Мinber.kz» ұлттық интернет газетiне 20 мамырға дейiн жолдауы тиiс. Ертерек жолданған өтiнiштердiң қабылдану мүмкiндiгi де жоғары болмақ. Жазбалар мына мекен-жай бойынша қабылданады: minber.kz@gmail.com

Осы мекен-жайға жолданған мақала арқылы үмiткердiң жаңа медиа мәселелердi қаншалықты түсiнетiндiгi, тақырыпты меңгеруде ынта-жiгерi анықталады. Сол сияқты әрбiр қатысушыға арнайы сауалнама парағы жолданады, ал қатысушылар өздерi жайлы мәлiметтерiн енгiзуi қажет.

Жанар ОРАЗБАЕВА