Жаңалықтар

«БОЛАШАҚ БАСПАГЕР» БАЙҚАУЫ ӨТТI

ашық дереккөзі

«БОЛАШАҚ БАСПАГЕР» БАЙҚАУЫ ӨТТI

25-наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi журналистика факультетiнiң ұйымдастыруымен «Болашақ баспагер-редактор» республикалық байқауы өттi. Тұңғыш өткiзiлiп отырған байқауға мектеп және колледж оқушылары қатысты.

Кiтап шығару iсiне аса құнттылықпен қарайтын жас баспагерлер үш сыннан да тайсалмай өттi. Қазақ және орыстiлдi оқушылар қатысқандықтан, байқау екi тiлде жүргiзiлдi. Байқауға қатысқан 41 оқушы әуелде шығармашалық сынақ бойынша «Менiң сүйiктi кiтабым» атты шығарма жазды. Бұдан кейiн кiтаптың сыртқы безендiру жұмыстары бойынша жас баспагерлер кiтаптың мұқабасының дизайнын жасады. Болашақ редакторлардың қатемен жұмыс iстеуi де назардан тыс қалмады. Қате тексеруде болашақ редакторлар белсендiлiк танытты.

Жас баспегерлер үшiн ҚазҰУ мұражайын тамашалау мүмкiндiгi туды. Бұл байқауда Жүлделi орындардан тыс «Ең үздiк шығарма» бойынша Бөкейханова Назым, «Ең үздiк дизайн» бойынша Ахметов Аслан, ал «Ең үздiк редактор» номинациясы бойынша Маликова Алтынай марапатталды. Сондай-ақ, II дәрежелi диплом Б.Момышұлы атындағы әскери гимназияның оқушысы Дауыт Қайнарға, I дәрежелi диплом №4 мектептiң оқушысы Батырбекова Бекзатқа және Әбиден Қарлығашқа табысталды. Ал бас жүлденi иеленген Әйгерiм Әбдiрайымға дипломмен қатар «Қазақ энциклопедиясы» баспасының атынан Б.Жақып 1 жылдық шәкiртақы тағайындады. Ал «Бiлiм» баспасының 1 жылдық шәкiртақысы Сабитова Дианаға бұйырды. Сонымен қатар байқау демеушiлерi «Мектеп», «Қазығұрт», «Арыс», «Ан-арыс» баспалары өз сыйлықтарын ұсынды. Байқау ұйымдастырушыларының бiрi «Баспа iсi» кафедрасының меңгерушiсi С.Медеубектiң айтуынша «Болашақ – баспагер-редактор» бұдан былай дәстүрлi байқауға айналмақ.

А.БЕЙIМБЕТҚЫЗЫ