Жаңалықтар

ДҮНИЕЖҮЗI ҚАЗАҚТАРЫ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ АЯСЫНДА ӨТЕТIН "ЖЫРЫМ САҒАН, АТАЖҰРТ!" АТТЫ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСI

ашық дереккөзі

ДҮНИЕЖҮЗI ҚАЗАҚТАРЫ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ АЯСЫНДА ӨТЕТIН "ЖЫРЫМ САҒАН, АТАЖҰРТ!" АТТЫ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСI

Дүниежүзi қазақтары Қауымдастығы төртiншi рет өткiзiлiп отырған Құрылтай аясында шетелдегi жас қазақ ақындарының арасында "Жырым саған, Атажұрт!" атты жыр мүшәйрасын ұйымдастыратынын хабарлайды. Аталмыш мүшәйра 2010 жылдың маусым айында Астана қаласында өтедi.

Мүшәйраның мақсаты: – Шетелдегi жас қазақ ақындарының жырларын байқауға қатыстыру арқылы олардың ұлттық отаншылдық сезiмiн ұштап, Атажұртына деген махаббатын артыруға, мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн одан әрi көтеру, әлi таныла қоймаған ақындарды, әсiресе, жас дарындарды анықтау. – қазақ жастары арасында отансүйгiштiктi кеңiнен насихаттау, өскелең ұрпақтың өн бойына ұлттық рухты сiңiруге, тәуелсiздiктi терең сезiнуге және Қазақстанның мерейiн арттыруға әсер ету. Мүшәйраның мiндетi – Жас дарындарды анықтау, олардың шығармаларын тарихи Отаны – Қазақстан аумағында насихаттау; – Поэзия арқылы шетелдегi жастарды атамекенiне көшiп келуiне түрткi болу. Мүшәйраның шарты: Мүшәйраға 30 жасқа дейiнгi шетелдерде және Қазақстан Республикасында тұратын ақындар қатыса алады. Автордың шығармасы ешбiр жерде жарияланбаған болу керек. Бiр ақын үш өлеңiмен қатысуға болады. Бiрiншi өлеңi – атамекен – Қазақстанның жетiстiктерiн жырлауды өзек етуi керек /мiндеттi/ ; Екiншi өлеңi – Елорда мен Елбасы туралы болуы шарт; Үшiншi өлең – еркiн тақырыптағы өлең болуы қажет. Өлеңдер 2010 жылдың 30 сәуiрiне дейiн қабылданады. Жiберiлетiн өлең мәтiнiнiң астына автордың толық аты-жөнi, өмiрбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекен-жайы көрсетiлуi шарт. Ұйымдастырушылар авторларға өздерi көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласатын болады. Арнайы әдiлқазылар алқасымен iрiктелген жүлдегерлердi марапаттау рәсiмi 2010 жылдың маусым айында Астана қаласында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзi қазақтары IV Құрылтайы аясында өтетiн iс-шаралар шеңберiнде өткiзiледi. Әдiлқазылар алқасының шешiмiмен жеңiмпаздарға үш дәреже бойынша жүлде тағайындалады: Бiрiншi жүлде – 1 Екiншi жүлде – 1 Үшiншi жүлде – 1 Ынталандыру сыйлығы – 3 Мүшәйра жеңiмпаздары лауреаттық дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ақындар өлеңдерiн "Мүшәрайға" деген атпен мына мекен жайға жiбере алады: Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесi, 43 а. Өлеңдердi ғаламтор арқылы келесi электрондық поштаға жiберуге болады: akberen.80@mail.ru немесе kazaktar.kz@mail.ru Қазылар алқасы Мүшәйрадағы өлеңдерге баға беретiн қазылар алқасының құрамы төрағадан, хатшыдан және 3-5 алқа мүшелерiнен тұрады. Қазылар алқасының құрамын Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы Төрағасының бiрiншi орынбасары бекiтедi. Қазылар алқасы ақындардың өлеңiне талдау жасайды және 10 балдық жүйемен бағалайды, жеңiмпаздарды анықтайды және жүлделi орындарды бөледi. ДҮНИЕЖҮЗI ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ АЯСЫНДА ӨТЕТIН ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ МЕН ОРАЛМАН ЖАСТАРДЫҢ КЕСКIНДЕМЕ, ГРАФИКА, МҮСIН, ГОБЕЛЕН ЖӘНЕ СӘНДIК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР КӨРМЕСIНIҢ ЕРЕЖЕСI 

Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы 2010 жылдың маусым айында Астана қаласында өтетiн Дүниежүзi қазақтарының IV Құрылтайы аясында шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының шығармашылық көрмесiн ұйымдастыруды ұйғарып отыр.

Мақсаты: талантты шетелдегi қазақ жастарының бейнелеу өнерi түрлерiн меңгерудегi шығармашылық шеберлiгiне баса назар аудару. Олардың отансүйгiштiк, рухани ұлттық нақышта бейнеленген, сомдалған тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау. Мiндетi: бейнелеу өнерi түрлерi саласында шығармашылық шынайы туындыларын шыңдап жүрген шетелдегi қандас жастарымыздың еңбектерiн көпшiлiкке таныту. Тақырыбы: – "Әлем таныған Қазақстан" – "Тәуелсiз Қазақстан таңы" – "Дүниежүзi қазақтары бiр шаңырақ астында" – "Аспан әлемi және Қазақ ұлты" – "Ел тұлғаларының бейнесi" – "Жаңа ғасыр қаласы" – "Олимпиада алауы Қазақстанда" – "Құсбегiлер көкжиегi" – "Аламан бәйге – әлем аясында" – "Жаһандану және Қазақстан" – "Ұлт және Елбасы" Көрмеге қатысу шарттары: 1. Суретшiнiң жас мөлшерi 20-30 жас аралығында болуы тиiс; 2. Автордың өмiрбаяны, толық мекен-жайы және оқу орны, телефоны көрсетiлуi керек; 3. Кескiндеме шығарма көлемi 100*150 см-ден кем немесе аспауы тиiс (материалдары: майлы бояу, гуащь, акварель, кенеп, картон, ақ қағаз); 4. Графикалық шығарма көлемi 40*90 см (материалы: офорт, линогравюра, гравюра); 5. Мүсiн шығарма көлемi 60*90*120 см (материалы: қола, ағаш, тас); 6. Гобелен (кiлем, ши, алаша, кесте) шығарма көлемi 80*150 см; 7. Керамика, зергерлiк бұйым, ағаштан, терiден жасалған бұйымдардың көркемдiк деңгейi талапқа сай, тақырыпқа мейлiнше лайық болуы тиiс; Әрбiр автордың көркем шығармасы талапқа сай безендiрiлiп (багет), саны 3-5-тен аспауы керек. "Дүниежүзiндегi талантты қазақ жастарының шығармашылық көрмесi" атты фото-бейнелi каталог шығаруға және iрiктеу сайысының өтетiнiне байланысты, әр автордың өмiрбаяны, жеке өзiнiң және көркем шығармаларының сапалы фото-суретi (фото сапасы 3 мегабайттан кем болмауы) 2010 жылдың 20-шы мамыры мен 1-шi маусымы аралығында төменде көрсетiлген адреске жеткiзiлуi керек. Жеңiмпаздар ақшалай сыйлықтармен және арнайы дипломдармен мараппатталады. Мекен жайымыз: Дүниежүзi қазақтары қауымдастығының Үйi (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесi, 43А. Индекс: 480002) немесе ғаламтор арқылы tugan_til79@mail.ru, kazaktar.kz@mail.ru электрондық адресi. Байланыс телефондары: 8 (7272) 73 90 25, 73 99 97.