Жаңалықтар

ҚАДIРЛI ҚЫЗЫЛАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ашық дереккөзі

ҚАДIРЛI ҚЫЗЫЛАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Апат айтып келмейтiнi рас. 12-наурызда орын алған қайғылы оқиға бәрiмiздiң қабырғамызды қайыстырды. Бұл – бiр ауылдың қайғысы емес, бүкiл елiмiз аза тұтқан қаралы күн деп бiлемiз.

Сiздермен бiрге жаны жаншылып, көңiлi құлазыған дүйiм елдiң бар екенiн ұмытпағайсыздар. Бiз, Алматы қаласындағы өнер ұжымдары, қапыда шейiт болған жандардың отбасыларына, туған-туыстары мен жақын-жұрағаттарының қасiретiне ортақтасып, қайғырып көңiл айтамыз. Рас, опат болған азаматтардың орнын ешкiм, ешнәрсе толтыра алмайды, дегенмен, тiрi адам тiршiлiгiн жасайды. Қарлығаштың қанатымен су сепкендей, бiздiң өнер адамдары бiр күндiк еңбекақыларын Қызылағаш ауылының су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарына арналған есеп-шотқа аударып отыр.

Iзгi көңiлмен,

Ғ.Мүсiрепов атындағы Қазақ Мемлекеттiк Академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театрының ұжымы атынан: Талғат Теменов – Қазақстанның халық артисi, театрдың Көркемдiк жетекшiсi және директоры;

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттiк Академиялық драма театрының ұжымы атынан: Есмұхан Обаев – Қазақстанның халық артисi, театрдың Көркемдiк жетекшiсi;

М.Лермонтов атындағы Мемлекеттiк орыс драма театрының ұжымы атынан: Юрий Якушев – театр директоры;

М.Қожамияров атындағы республикалық Ұйғыр музыкалық-комедия театрының ұжымы атынан: Адильжан Жанбакиев – театр директоры;

Н.Сац атындағы орыс мемлекеттiк балалар мен жасөспiрiмдер театрының ұжымы атынан: Надежда Горобец – театр директоры;

Республикалық корей драма театрының ұжымы атынан: Любовь Ни – театр директоры;

Республикалық Қуыршақ театрының ұжымы атынан: Мәдениет Юсупов – театр директоры;

«Қазақконцерт» бiрлестiгiнiң ұжымы атынан: Алтынбек Қоразбаев – Қазақстанның халық артисi, бiрлестiк директоры;

«Гүлдер»» ансамблiнiң ұжымы атынан: Жеңiс Сейдоллаұлы – Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, ансамбль жетекшiсi;

Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының ұжымы атынан: Қуаныш Оразғалиев – театр директоры;

Республикалық немiс драма театрының ұжымы атынан: Ирина Симонова – театр директоры;

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттiк филармониясының ұжымы атынан: Аян Сұлтанғалиев – филармония директоры:

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптары оркестрiнiң ұжымы атынан: Еркебұлан Мүсiрепов – оркестр директоры.