Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ БIРЛIКТIҢ ҚАЙТАЛАНБАС ҚҰРАЛЫ

ашық дереккөзі

ҚОҒАМДЫҚ БIРЛIКТIҢ ҚАЙТАЛАНБАС ҚҰРАЛЫ

Қазақстан халқы ассамблеясына – 15 жыл

Кезiнде Кеңес Одағының құрамынан шыққан егемен Қазақ елiне көптеген беделдi сарапшылар ядролық қаруға сүйене отырып, қатал державалық саясат жүргiзедi деп баға берiп, қауiп күткенi белгiлi. Алайда қоғамда демократиялық құндылықтар орнату және азаматтық қоғам құру бағытында батыл iс-қимылға көшкен Қазақстанның Семей ядролық полигонын жабуы, әлемде төртiншi орында деп ресми бағаланған ядролық арсеналынан бас тартуы ғаламдық саясаттағы қайталанбас оқиға ретiнде мойындалды. Қазақстан өзiнiң алдына қойған негiзгi мақсаты – бейбiт өмiр, келiсiмдi қоғам, ынтымақтастық пен бiрiгу екенiн дәлелдедi.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басты саясаты қоғамдағы барлық этностардың толықтай құқығы мен бостандығын сақтай отырып, жергiлiктi, байырғы ұлтқа негiзделген жоғары әлеуеттi қоғам құру болды.

Ал 1995 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президентi жанынан консультативтi-кеңестiк орган ретiнде Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды.

Сол жылдан бастап, ассамблея этносаралық қатынастар саласында мемлекеттiк ұлттық саясатты жүзеге асырушы маңызды институт ретiнде бағаланып, елiмiздi мекендейтiн барлық этностардың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етуде тиiмдi құралға айналды.

Құрылғанына он бес жылдан бергi уақытта аталған құрылым этносаралық келiсiм саласында айтулы табыстарға жетiп, азаматтардың этностық немесе дiни ерекшелiгiне қарамастан, құқығы мен бостандығын сақтаудағы басты кепiлiне айналды.

Қазақстан халқы ассамблеясының тиiмдi әрi жемiстi iс-әрекетiнiң арқасында елiмiздегi этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында бейбiтшiлiк пен келiсiм үлгiсi сақталды. Ал ассамблея қанатының астына 130-н астам этностың жиналуы аталған ұйымның "кiшi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы" деп аталуына себеп болды.

2007 жылы жүргiзiлген конституциялық реформалардың арқасында Қазақстан халқы ассамблеясы жаңа конституциялық өкiлеттiлiк пен мәртебеге ие болды, сонымен қатар, ассамблеяның атынан Парламент Мәжiлiсiне 9 депутаттың сайлануы Қазақстан қоғамында елiмiздiң мемлекет пен қоғамды демократияландыру жолындағы маңызды қадамы ретiнде бағаланып, әлемдiк қауымдастық тарапынан Елбасы Н.Ә. Назарбаев негiзiн қалаған этносаралық және конфессияаралық келiсiм үлгiсi деп мойындалды.

Қазақстанды мекендеп отырған этностардың мәдениетiн, тiлi мен дәстүрiн дамытуға барлық жағдайлар жасалған. Қазiргi таңда этномәдени бiрлестiктердiң саны 600-ге жетсе, оның iшiнде 28-i республикалық болып табылады.

Бүгiнде Қазақстан халқы ассамблеясының тiкелей күш салуымен этносаралық қатынастар саласын саясаттан тыс сақтап, азаматтық қоғам қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргiзiп отыр. Қазақстан халқы ассамблеясы үшiн 2008 жыл өте маңызды, нәтижелi жыл болды – ассамблеяның бейбiтшiлiк пен келiсiмдi нығайту бағытындағы рөлiн нормативтi-құқықтық тұрғыда үйлестiретiн "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы" Заң қабылданды.

Аталған заңнамалық құжат елдiң әрбiр азаматына халық үшiн аянбай қызмет етудi, Қазақстанның патриоты болуға шақырып, нақты iс-қимыл бағыттарын ұсынады. Мемлекеттiк және өзге этнос тiлдерiн, салт-дәстүр, мәдениеттi өркендетуге толықтай мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, елдiң әрбiр азаматы Қазақстанның болашағы, егемендiк негiзi – мемлекеттiк тiлдi дамытып, нағыз iс жүзiнде патриотқа айналып, Отан үшiн қызмет ету, аталған қасиеттердi жас ұрпақ бойына егу бағыты нақтыланған.

Ассамблея дүниеге келген 15 жылдан берi атқарған қызметi мен жүрiп өткен сара жолы қазақстандық этносаралық және конфессияаралық келiсiм үлгiсiнiң әлемдiк қауымдастық алдында беделдi ұйымға айналып, ел қоғамының құрамдас бөлiгiне айналғанын көрсеттi.

Тағы да айтып өтетiн жайт, елдi жұмылдырушы маңызды фактордың бiрi қазақ халқы, оның дәстүрлiк, тiлдiк және мәдени құндылықтары болып табылады. Кез келген мемлекеттiң бiрiгуiнiң, ортақ мақсатқа ұйысуының негiзi халықтың жаппай мемлекеттiк тiлдi қолдануына байланысты.

Мемлекеттiк тiл мен қазақ ұлты Қазақстан қоғамын жұмылдырушы басты күш, Қазақстан халқының тұрақтылығы мен елiмiздегi бейбiтшiлiктiң кепiлi.

Елбасы 2009 жылғы Қазақстан халқына арнаған "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" Жолдауында тұтас ел мен әрбiр қазақстандыққа дағдарыс кезеңiнде жасалатын нақты бағыттар мен iс-қимыл жоспарын көрсетiп бердi. Ең басты мiндет – қоғамдық келiсiмдi сақтау болып табылады. Дағдарыс бiздiң бiрлiгiмiз мен татулығымыздың мықтылық деңгейiн сараптап-талдаушы күш. Сондықтан, бүкiл қоғам болып ортақ қиындықтарды жұмыла көтеру бағытында аянбай еңбек етуiмiз тиiс.

Халық бiрлiгi мемлекеттiлiк негiзi. Қоғамдық бiрлiктi ту етiп ұстау арқылы ғана бiз алдымызға болашағы күштi, өркендеп-дамыған Қазақстан елi туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз.

Розақұл ХАЛМУРАДОВ, ҚР Парламентi

Мәжiлiсiнiң депутаты