ЖЫЛ БАСТАУЫ – ӘЗ НАУРЫЗ!
ЖЫЛ БАСТАУЫ – ӘЗ НАУРЫЗ!
Парсының "нау" сөзi әртүрлi өзгерiстерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тiлiнде сақталып қалған. Ол орысша– нов ( ай), немiсше – нойе, латынша -нео. Осылайша "нау" сөзiн еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланған екен. Ал одан берi де 5 мың жылдан асыпты.
Наурыз мейрамы – ежелгi заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазiргi күнтiзбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннiң теңесуi кезiне келедi. Көне парсы тiлiнде нава= жаңа + рәзаңһ = күн, " жаңа күн" мағынасында, қазiргi парсы тiлiнде де сол мағынасымен қалған (но = жаңа + роуз= күн, мағынасы " жаңа күн", яғни " жаңа жылды" бiлiдредi). Ол – күнтiзбелiк жылдың үшiншi айы (31 тәулiк), көктемнiң басы. Қазақтар бұл мейрамды әз– Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгi наным– сенiмiнде наурыздың алғашқы үш күнiнде жер– көктi жарып ерекше дыбыс ( гуiл) естiледi. Мұны тек ғана жұмақтан шыққан, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естидi. Бұл күнi бүкiл табиғатқа, тiршiлiк иесiне, өсiмдiк, жан– жануарға ерекше сезiм, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себептi, халқымыз "Әз болмай, мәз болмайды" дегендi айтады.
2010 жылдан бастап Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы "Халықаралық Наурыз күнi" қарарына сәйкес, 21 наурыз – Халықаралық Наурыз күнi болып қабылданды. Наурыз парсы, кавказ және түрiк халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретiнде тойланады. Ол Иранда – 21-наурызда, Орталық Азия елдерiнде және Әзiрбайжанда – мемлекеттiк мереке ретiнде Тәжiкстанда және Қазақстанда – 22-наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21-наурыз күнi аталып өтiледi. Наурыз мейрамы әуелде диқаншылықпен айналысатын ирантiлдес Орта Азия халықтарының жаз мезгiлiне ауысқанда егiс өсiру науқаны басталғанын мерекелеу дәстүрiнен шыққан. Дәстүр бойынша, бұрын Наурыз мейрамын бүкiл ауыл, ел болып, әсiресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан, тазаланған арықтарға су жiберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсiмiн өткiзуден бастайтын. Онан әрмен халық ойындарымен ( "Айқыш– ұйқыш" , "Ақсерек пен көксерек" , "Алқа қотан", т.б.) ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, "Қызғалдақ" мерекесiмен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретiн де, түнге қарай "Алтыбақандағы" тамашамен аяқталатын.
Ұлыстың ұлы күнi деп не үшiн аталғаны туралы мынадай аңыз бар: Бiр күнi Нұх пайғамбардың кемесi Қазығұрт тауына келген сәтте жердiң бетiн жайлаған топан су керi қайтады. Сол сәт жер бетiне табаны тиген барлық тiршiлiк иелерi көк аспаннан түскен қасиеттi қазаннан бiрге дәм татады. Содан, бұл күндi – ұлыстың ұлы күнi деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихын Ұлы Абай өзiнiң "Бiраз сөзi қазақтың қайдан шыққаны туралы" жазбасында Наурыз тарихын көшпелi халықтардың "хибиғи", "хұзағи" деп аталатын көне заманына ұштастырады. Қазақтың көне шежiресiнде де Наурыз, Алаш деген сөздер бар.
Кәусар ЛЕСКЕНҚЫЗЫ, әл– Фараби атындағы ҚазҰУ–нiң
журналистика факультетiнiң 2– курс студентi