Жаңалықтар

ҰЛТТЫ ОЯТАТЫН ЖУРНАЛ

ашық дереккөзі

ҰЛТТЫ ОЯТАТЫН ЖУРНАЛ

Бұл журнал атынан көрiнiп тұрғанындай, намысымызды оятатын журнал болмақ. Журнал ұлтын сүйетiн, ұлтының болашағын ойлайтын қауымға арналып отыр. Басылымның редакция алқасының төрағасы Бекболат Тiлеухан, бас редакторы Бекен Қайратұлы.

Қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық "Оян.Намыс.kz" атты журналдың алғашқы саны жарық көрдi. Екi айда бiр рет шығатын бұл басылымның басты мақсаты — айтылуға тиiстi ащы шындықты өткiр тiлмен оқырманға жеткiзуге күш салу болмақ. Журналдың алғашқы нөмiрiнде "Бодандық қамыты қазақтың мойнынан түссе де, миынан түскен жоқ", "Отарлаудың ойраны", "Бейғам қазақ һәм Бедеу Еуропа" сияқты көлемдi мақалалар тақырыбында айтылып тұрғандай, жұртшылық көкейiндегi ең өзектi ойларға қозғау салған. Тарихтың ақтаңдағы, қазiргi қоғамның түйткiлдi тұстары, билiктiң елге деген енжарлығы – журнал тiлшiлерi көздеген басты нысана. "Қауқарың қодас құрлы бар ма, қазақ?", "Құл дегенiмiз кiм?", "Жолбарыстар хикаясы" атты өткiр дүниелер шынында да намысың мен жiгерiңдi қайрайды.

Едiге БЕКТАС