Жаңалықтар

КАСПИЙ ТЕРМИНАЛЫНДА 2000-ыншы ТАНКЕР

ашық дереккөзі

КАСПИЙ ТЕРМИНАЛЫНДА 2000-ыншы ТАНКЕР

Каспий құбыр концорциумы терминалында Қара теңiздiң Новосiбiрге жақын тұсында мұнай құбыры жүйесiнiң тұрғызыла бастаған уақытынан бергi екi мыңыншы танкерге мұнай құйылды.

КҚК теңiз терминалындағы алғашқы танкер 2001 жылдың 13 қазанында қойылған болатын. Бұл жүйенiң жұмысы барысында 215 миллион тонна (1 млрд. 650 баррель) өңделмеген мұнай экспортталды. Былтырғы жылы – 34 млн. 574 мың тонна, ал 2008 жылы – 31 млн. 470 мың тонна мұнай сыртқа шығарылған. Теңiз терминалынан Қазақстан мұнайы Ресейге шығарылады.

Каспий теңiз терминалындағы 1,5 мың шақырымдық Теңiз-Новосiбiр мұнай құбыры Қазақстан мен Ресей мұнайын Қара теңiз жағалауындағы шетелдiк тұтынушыларға жеткiзу үшiн салынған болатын. Каспий мұнай құбыры концорциумы үлескерлерi – Ресей (31%), Қазақстан «ҚазМұнайГаз» (19%) және өзге де шетелдiк компаниялар.

Каспий концорциумының мәлiметi бойынша, құбырдың жылына 37 млн. тонна мұнай өткiзу мүмкiндiгi қарастырылған. Бұл жобаны iске асыру үшiн ауыстырып құятын 10 станция салынбақ. Оның екеуi – Қазақстан аумағында, қалғаны Ресей аумағында жоспарға сәйкес бой көтередi. Сондай-ақ, ҚР аумағында 88 шақырым мұнай құбыры, Новосiбiрдiң астында мұнай сақтайтын 6 резервуар құрылысымен қатар Каспий концорциумы терминалында тағы бiр аялдайтын айлақ құрылысы қолға алынды. Акционерлер 2009 жылы желтоқсанда қабылданған техникалық ұйымдастыру, қаржы және коммерциялық сұрақтарды реттейтiн кешендi салуға көңiл бөлдi.

Ақниет ОСПАНБАЙ