Жаңалықтар

ЖYЗ ӨЛIП, ЖYЗ ТIРIЛГЕН АКТЕР

ашық дереккөзі

ЖYЗ ӨЛIП, ЖYЗ ТIРIЛГЕН АКТЕР

Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында "Ымырттағы махаббат" спектаклi бiраз жылдан берi жүрiп жатыр. (Авторы – Герхарт Гауптман, аударған – Қалихан Ысқақ).

Спектакль желiсi негiзiнен бiр жанұяның балалары мен әкесi арасындағы қарым-қатынасы арқылы өрбидi. Шешелерi марқұм болып кеткеннен кейiн жетпiске келген әкелерi жас қызға ғашық болып, соған үйленбекшi. Мiне, осы жерде балаларының әкеге деген сүйiспеншiлiгi мен қызғанышы өрби түседi. Ақырында әке байғұс есi кiресiлi-шығасылы болып ауырып, қызметшiсiнiң көмегiмен қалтасындағы уды iшiп, қайтыс болады. Спектакльдiң қысқаша мазмұны осыған саяды.

Кеңестiк одақ кезiнде бұл пьесаның жолы болмай, еш театрда қойылмағаны мәлiм. Өйткенi, немiс драматургы Г.Гауптманның бүкiл творчествосын Адольф Гитлер жақсы көрген-мыс. Бұл жағдай КСРО-да "Ымырттағы махаббаттың" бағын байлады.

Спектакльдi көрiп отырған бiздер нағыз бiр қазақтың отбасында болып жатқан жағдаймен араласып кеттiк. Спектакль емес – нағыз өмiр.

Қазақтардың кейбiр отбасындағы жағдайға куәгер болғандаймыз. Әкенiң жан-дүниесi, жас қызға ғашықтығы, екеуiнiң кездесу сәттерiн көрдiк. Соған қиналдық, жанымыз ауырды. Перде жабылғанда ғана бұл көрiнiстiң спектакль екенiн аңғардық.

Ал, әкенiң қайғылы кезеңдерi, есiн шала-пұла бiлуi, у iшуi, мұның бәрi жантүршiгерлiк көрiнiстер. Жанымызда отырған әйелдердiң, жас қыздардың көзiнен жас парлап отырғанын байқадық.

Трагедиялық әкенiң образын сомдаған кiм? Ол – Асанәлi Әшiмов. Спектакльдiң жүзiншi рет қойылымы.

Әшiмовтың 100 рет өлiп, 100 рет тiрiлуi. Образға кiру, залда отырған халықты сендiре бiлу қандай қиын, қандай тапқырлық?

Спектакльдiң соңында қойылымға қатысқан әртiстердiң барлығы сахнаға шығып, көрермендермен қоштасып жатты. Ең соңынан Әшiмов шықты сахнаға. Нағыз актер! Қазiргi заманның актерлерiнiң әкесi, атасы, ағасы демей не дерсiң?!

Өскенбай ҚҰЛАТАЕВ