Жансейiт ТҮЙМЕБАЕВ: БIЛIМ МЕН БIЛIК — БIРIНШI КЕЗЕКТЕ
Жансейiт ТҮЙМЕБАЕВ: БIЛIМ МЕН БIЛIК — БIРIНШI КЕЗЕКТЕ
Қай заманда да бiлiм мен бiлiк бiрiншi кезекте тұрған. Осы тұста Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсыновтың "Бiлiм – бiлiктiлiкке жеткiзер баспалдақ, ал бiлiктiлiк – сол бiлiмдi iске асыра бiлу дағдысы" деген сөзi ерiксiз ойға орала кетедi.
Бiлiм – жалпы қоғамның жемiстi дамуының кепiлi. Бiлiм беру саласында көшбасшы елдерден артқа қалушылық ұлтымыздың келешегiне керi әсер етедi. ТӘРБИЕ – БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫҚазiргi уақытта елiмiзде мектепке дейiнгi бiлiм беру саласын дамыту өзектi мәселеге айналып отыр. Әсiресе, республикада балабақшаның жетiспеушiлiгi күн тәртiбiнен түскен емес. Статистикалық мәлiметтерге жүгiнсек, 1991 жылы Қазақстанда 8743 балабақша жұмыс iстесе, тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында соның 4868-ы (55,6%) жекешелендiрiлiп кеткен. Нәтижесiнде 1991-2000 жылға дейiн республикада балабақша саны 7599 бiрлiкке азайды. Тек 2001 жылдан бастап балабақша желiсiнiң саны артып, 1167-ге жеттi.
Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарындағы 39 балабақша ғимараттарының көбi ақысыз негiзде өз еркiмен қайтарылып, халықтың көз қуанышына айналды. 2010 жылғы 1-қаңтардағы есеп бойынша, қазiр республикада 373,1 мың баладан тұратын 4972 мектепке дейiнгi мекеме жұмыс iстеуде. Бұл мектеп жасына дейiнгi балалардың 38,7%-ын қамтиды. Ал 2009 жылы мектепке дейiнгi мекеме саны 1209 бiрлiкке (230 балабақша мен 979 шағын орталық) артты. Бiр қуантарлығы, ауылдық мектептерде ашылған 2969 шағын орталықта бұрын балабақша есiгiн ашпаған, әлеуметтiк жағынан аз қамтылған ауыл отбасынан 75872 бала тәрбиеленiп келедi. Жалпы айтсақ, қазiргi кезде 2003 балабақшада 297,2 мың бала бар. Мектеп жасына дейiнгi балаларды балабақшамен қамтудың жоғары көрсеткiштерi Қостанай (90,3%), Қарағанды (69,6%), Ақтөбе (64,3%) облыстарында, ал төмен көрсеткiштерi Оңтүстiк Қазақстан (14,4%) және Алматы (21,5%) облыстарында байқалып отыр. Елiмiздiң демографиялық саясаты iлгерi қадам басқан уақытта, балабақша тапшылығының да сезiлетiнi айдан анық. Бүгiнде балабақшаға кезекте тұрған балалардың саны – 260 мыңға жетiп жығылады. Әсiресе, балабақшаға деген сұраныс Оңтүстiк-Қазақстан облысында (33,5 мың) және Алматы (22,2 мың) мен Астана (31,5 мың) қалаларында ерекше артқан. Ел Президентi Н.Ә Назарбаевпен өткен тiкелей эфир барысында да осы мәселе назарға iлiктi. Осыдан соң ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiне, облыстық және Астана, Алматы қалаларының әкiмдiктерiне халыққа мектепке дейiнгi ұйымдардың қол жетiмдi болуын арттыру жөнiнде қысқамерзiмдi шаралар қолдану тапсырылған-тұғын. Халықты балабақшамен қамту жөнiндегi тапсырманы орындау барысында 2009-2015 жылдарға қысқамерзiмдi және ортамерзiмдi шаралар тiзбесi жасалынып, жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп 2009-2015 жылдарға мектепке дейiнгi ұйымдардың нысандарын мемлекеттiк және жеке меншiк қаржы салымы есебiнен тұрғызудың жоспар-кестесi құрылды. Екiншiден, коммуналдық иегерлiкке беру үшiн мемлекеттiк органдар орналасқан балабақша ғимараттарын босату шаралары қолданылды; үшiншiден, мектепке дейiнгi ұйымдарды ашу мақсатымен өзге ғимараттар мен орындарды пайдалану қарастырылды. Мiне, осы қысқамерзiмдi шаралардың арқасында 2009 жылдың соңына дейiн мектепке дейiнгi мекемеде орын санын қосымша 16 129-ға (373 ұйым) арттыруға мүмкiндiк жасалды. Одан бөлек Елбасының "Нұр Отан" ХДП-ның XII съезiнде берген тапсырмасына сәйкес, 2009-2012 жылдары республикалық бюджетте 57 400 орындық 200 балабақша құрылысына қаржы қарастырылды. Биыл "Жол картасы" аясында жөндеуге жататын мектепке дейiнгi бiлiм беру нысандарының тiзiмiн қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Қазiргi уақытта жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, 1,9 млрд. теңгемен 73 нысанды жөндеуге тапсырыс берiлдi. Ең маңыздысы, мектепке дейiнгi ұйымдарды лицензиялау процедурасын жеңiлдету мақсатында ҚР Үкiметiнiң қаулысы қабылданып, әуелгi кезекте әлеуметтiк жағдайы төмен балаларға орын беру мемлекеттiк қызмет стандарты қарастырылған. Сондай-ақ, мектепке дейiнгi ұйымдарды медициналық, кадрлық, оқу-әдiстемелiк және материалдық-техникалық жағынан жетiлдiре түсу пысықталып, педагогикалық қызметкерлердiң бiлiм беру деңгейiн жақсарту көзделуде. Егер қабылданған шараларды дер кезiнде iске асырсақ, мектепке дейiнгi ұйымдардың желiсiн 2010-2012 жылдары – 2 310 бiрлiкке (217 мың орын), 2013 жылы – 282 бiрлiкке (34,6 мың орын) арттыруға мүмкiндiк бар. Дәлiрегiнде, 2009-2015 жылдары 307,8 мың орындық 3 358 мектепке дейiнгi мекеме ашу, "Жол картасы" аясында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша, тәрбиешiлердi дайындауға 2010 жылы 2000 адам қамтамасыз ету жоспарлануда. ОРТА БIЛIМГЕ ОҢТАЙЛЫ ЖАҒДАЙӘрине, бұл жерде орта бiлiм саласында зор басымдыққа ие "100 мектеп, 100 аурухана" мемлекеттiк бағдарламасының маңызын атап өткен жөн. Жалпы, "100 мектеп" бағдарламасы шеңберiнде 2007-2009 жылдар аралығында 86,3 мың орындық 106 мектептiң құрылысын салу көзделген. Ол үш маусыммен оқитын оқушылар (62 233 орындық 71 мектеп), апатты жағдайдағы мектептер (7490 орындық 15 мектеп) санын және жалпы орын жетiспеушiлiгiн (16 624 орындық 20 мектеп) азайтуға септiгiн тигiзбек. Салыстырмалы түрде айтсақ, жоба шеңберiнде 2007 жылы Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында екi мектеп, ал 2008 жылы 33 015 орындық 44 мектеп пайдалануға берiлдi. 2009 жылы 28 760 орындық 38 мектеп оқушыларды құшақ жая қарсы алса, биыл 23 700 орындықтан тұратын 22 мектеп салыну жоспарға iлiккен. Ал 22 нысанның құрылысы, яғни, Оңтүстiк Қазақстан облысында – 15 нысан, Қызылорда облысында – 1, Астана қаласында – 6 нысан мерзiмiнен кешiктiрiлiп тапсырылады. Әрине, оған құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп болуда.
КӘСIПТIК ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БIЛIМДI ДАМЫТУ АУАДАЙ ҚАЖЕТӨздерiңiзге белгiлi, техникалық және кәсiптiк бiлiмдi дамыту мәселелерi 2009 жылғы 27-наурызда "Қазақстан Республикасында техникалық және кәсiптiк бiлiмдi дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету" туралы Парламенттiк тыңдалымда қаралған едi. Осыған орай, "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне техникалық және кәсiптiк бiлiм беру мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының Тұжырымдамасының жобасы әзiрлендi.
Айта кетерлiк жайт, Астана қаласында "Казақмыс" ЖШС қаражаты есебiнен жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн 300 орындық кәсiптiк лицей ашылса, Атырау қаласында 700 оқушы мұнай газ саласын меңгерiп шығады. Ал Астана қаласында 800 орындық кәсiптiк лицейдiң, Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданының Шаян ауылында 180 орындық жатақханасымен 360 орындық кәсiптiк лицейдiң құрылысы жүргiзiлу үстiнде. Сол сияқты Екiбастұз қаласында Отын-энергетика саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық орталығының құрылысы басталып, Өскемен қаласында машина жасау саласы үшiн Өңiраралық орталық құрылысын салу бойынша жобаның сметалық құжаттары әзiрлендi. Нәтижесiнде техникалық және кәсiптiк оқу орындары желiсi 16 бiрлiкке (5 мемлекеттiк және 11 жекеменшiк) артып, 882 оқу орнын құрады. Оның 513-i мемлекеттiк болса, 369-ы жекеменшiк. Жергiлiктi бюджет есебiнен ТжКБ оқу орындарының материалдық-техникалық базасы 1,4 млрд. теңгеге жаңартылып, 180 техникалық және кәсiптiк оқу орындарында 3.7 млрд. теңгеге күрделi жөндеу жүргiзiлдi. Жұмыс берушiлердiң талаптарына сәйкес, ТжКБ-ның 72 мамандығы бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары, 65 мамандық бойынша бiрiктiрiлген бiлiм беру бағдарламалары, 720 арнайы пән бойынша үлгiлiк оқу бағдарламалары әзiрлендi. Мәселен, 2009 жылы оқу орындары 16,2 мыңнан астам кәсiпорынмен техникалық қызмет көрсету мамандарын даярлау жөнiнде өзара келiсiм жасасты. Яғни, кәсiпорындар 48 мың адамға жұмыс орнын беру үшiн өндiрiстiк тәжiрибеден өтуге рұқсат бердi. Әрiптестiктiң тиiмдi тетiктерiн талдау және пысықтау мақсатында 2009 жылы Астана қаласында өткен "Кәсiптiк бiлiм беру және бизнес: Серiктестер сұхбаты" атты екiншi халықаралық форумда техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамытуды қолдау қорын құру туралы Бiлiм және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктерi және "Атамекен одағы" Ұлттық экономикалық палатасы" арасындағы меморандумға қол қойылды. Бүгiнде 24 техникалық және кәсiптiк оқу орны ынтымақтастық жөнiнде белгiлi Ұлыбритандық колледждермен, оның iшiнде Кембридж аймақтық колледжiмен 14 колледж келiсiмге қол қойды. ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi "UCPMI" (Франция) Консорд Консалтинг тобымен және GEMCO INTERNATIONAL BV компаниясымен және FONTYS (Голландия) қолданбалы ғылымдар университетiмен екi ынтымақтастық ниет бiлдiру хаттамасына қол қойды. "Жол картасын" iске асыру шеңберiнде оқу орындары базасында 100 926 адамды даярлау мен қайта даярлауға 10 млрд. 783 млн. тенге қарастырылса, облыстық, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң өткен жылдың 25 желтоқсанындағы мәлiметi бойынша, 9 млрд. 470 млн. теңгеге 95,6 мың адамды даярлау және қайта даярлау курстарымен қамтыған. Соның iшiнде жұмыссыздарды қайта даярлау үшiн – 64,6 мың адам; мемлекеттiк тапсырыс бойынша кадрларды даярлау үшiн – 20,2 мың адам; шетел мамандарын қазақстандық кадрлармен алмастыру үшiн – 10,8 мың адам есепке алынды. Қазiр қайта даярлау курсын 74,4 мың адам аяқтап, олардың 39,3 мыңы жұмыспен қамтылды. ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙIНГI БIЛIМ НЕМЕСЕ ЖАҺАНДАНУЕлбасы өзiнiң халыққа Жолдауында: "2010 жылға дейiн бiлiм берудi дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру арқылы сапалы бiлiм берудi арттыруымыз қажет. Бұл бiлiм беру саласының басты мiндетi" деп атап көрсеттi. Осы тапсырманы iске асыру үшiн бiлiм берудiң барлық саласында халықаралық талаптарға жауап беретiн сапалы бiлiм беру қажеттiлiгi сезiлдi.
Әлбетте, бұл шара ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға негiз болды. Жоғары бiлiм беру саласы осы бағытта қарқынды қадамға аяқ басып, халықаралық бiлiм беру стандартына сай келетiн бакалавриат пен магистратура мамандықтарының жiктеуiшiн енгiздi. Жетекшi жоғары оқу орындарында кадрларды даярлаудың әлемдiк озық тәжiрибесi сараланып, елiмiздiң бiлiктi мамандарының, ғалымдар мен профессорлардың қатысуымен мемлекеттiк стандарт жасалды. Бұл жас маманды дайындау деңгейiне, бiлiм бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнына, бiлiм беру процесiндегi кадрлық, оқу-әдiстемелiк, материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етудегi талаптарды күшейте түстi. ХХI ғасырдың шынайы кiлтi – жаһандану бiлiм саласына да келдi. Соның арқасында әлемдiк экономиканың интеграциялануы, жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы белең алды. Қоғамда күн сайын ағылшын тiлiнiң қажеттiлiгi сезiлiп келедi. Бiлiм ошақтары жаһандану үрдiсiнен қалып қоймай, жаңа стратегия мен бағдарлама әзiрлеуге жұмылды. Бұл, әрине, студенттердiң шетелдiк бiлiм ордаларына барып бiлiм алмасуына, келешекте филиал ашу сияқты халықаралық ынтымақтастық формаларының жалғасуына бастайтын даңғыл жол. Бүгiнде оқу жүйесiндегi Болон процесi мен Лиссабон конвенциясы халықаралық ынтымақтастықтың нақты дәлелi. 46 ел қосылған Болон процесiнiң нәтижесiнде жоғары бiлiмнiң Еуропалық аймағы қалыптасып, елiмiз ТМД елдерiнiң iшiнде алғашқылардың бiрi болып 1997 жылы Лиссабон конвенциясын ратификациялады. Қазақстан Болон процесiне белсендi қатысып отыр. Осы арқылы оқуын әрi қарай жалғастырғысы келген студент Болон процесiне кiрген кез келген елдiң ЖОО-да бiлiмiн жетiлдiре алады. Ол тiптi, қажет болса осы жалпы құрылымға кiретiн кез келген еуропалық ЖОО-нан белгiлi ұпай не "несие" ала алады. Бұл оқытуды бақылаудың бiрыңғай жүйесi жақсы бiлiм алуға ықпал ететiнi тәжiрибеден белгiлi. Елiмiздiң 30 жоғары оқу орны Болон декларациясының негiзi болып табылатын Университеттердiң Ұлы хартиясына қол қойды. Жалпы, бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында Болон декларациясына қосылу жөнiндегi негiзгi бағдарлар айқындалған. Оған ЖОО заңнамалық, құқықтық-нормативтiк базасын жетiлдiру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру құрылымына бакалавриат – магистратура – докторантура сияқты көпсатылы бiлiм беру жүйесiн енгiзу, бiлiм беру квалификациясының халықаралық стандартына сай, мамандықтар тiзiмiн жетiлдiру, құрылымы мен мазмұны жағынан халықаралық талаптарға сай келетiн жоғары бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеу, оқу процесiн ұйымдастыруда студенттердiң қарқындылығын қамтамасыз етуге септесетiн прогрессивтiк жүйе мен технологияны енгiзу, бiлiм беру бағдарламалары мен институтын аккредиттеу жүйесiн құру, т.б. кiредi. Бiлiм беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың нақты дәлелi – Қазақстан, Тәжiкстан, Қырғызстан және Исмаилиттер Имаматы қатысуымен ашылатын Орталық Азия университетi. Аталған елдер арасындағы келiсiмге орай оның алғашқы iргетасы 2010 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев пен аса мәртебелi Ага Ханның қатысуымен ашылмақ. Ал, жоғары бiлiм саласындағы басты жаңалық – 2010 жылдың шiлде айында Астана қаласында Назарбаев университетiнiң ашылуы. Халықаралық деңгейдегi университетте ақпараттық-коммуникациялық технологиясы; өнер және әлеуметтiк ғылымдар; инжиниринг және технология; жаратылыстану ғылымдары институттары кiредi деп жоспарланып отыр. Жоба әрiптестерiнiң қатарында Корей политехникалық университетi, Нью-Джерси технологиялық университетi, Кент мемлекеттiк университетi, Питтсбург университетi, "Айдын" Стамбул университеттерi бар. Сонымен қатар осы жобаны iске асыру барысында бiлiм беру, ғылым және өндiрiстi интеграциялаудың жаңа моделi құрылады, бiрегей академиялық орта қалыптасады, елiмiздiң бас қаласы – Астананың Еуразияның бiлiм беру және ғылыми орталығы ретiндегi рөлi артады. ҒЫЛЫМ – БIЛIМНIҢ ҚАЙНАР БҰЛАҒЫКез келген елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгi оның ғылыми әлеуетiмен өлшенедi. Елiмiз алдында инновациялық-индустриалдық даму мiндетi тұрған кезде ғылымға артатын жүк те еселенiп отыр. Расында да, соңғы кезде ғылымға деген көзқарас айтарлықтай өзгердi. Бұл салаға бөлiнетiн қаржы да жылдан-жылға өсiп отыр. Ғылымды дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлiп, нанотехнология және биотехнология жөнiндегi 5 iрi ұлттық зертхана құрылды. Елiмiздiң жетекшi жоғары оқу орындарының жанынан инженерлiк мамандыққа бейiмдейтiн 15 зертхана ашылса, бүгiнде Астана қаласында инвестициялық жоба шеңберiнде халықаралық талаптар мен стандарттарға жауап беретiн жаңа "Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнологиялар орталығы" ғылыми-зерттеу кешенi мен халықаралық деңгейдегi Жаңа университеттiң құрылысы жүргiзiлуде. Ғылыми ұйымдардың да желiсi кеңейiп, Мемлекет тарихы институты өз жұмысын бастады. ҚР "Ғылым туралы" Заң жобасын әзiрлеу барысында экономика мен қоғамның сұранысына жауап беретiн жаңа ойлар мен бiлiмдi, ғылыми жаңалықтарды және технологиялық шешiмдердi тоғыстыратын тиiмдi ғылыми-инновациялық жүйе құру көзделiп отыр. Мұнда негiзгi бағыт ғылым саласын басқару мен қаржыландыру құрылымдарына қатысты болмақ. Сондай-ақ заң жобасында зерттеу университеттерiн құру; қолданыстағы университеттер аясында жаңа зерттеу институттары мен технопарктер құру; ұлттық және инжинирингтiк лабораториялар, конструкторлық-жобалау ұйымдары мен инновациялық кәсiпорындар ашу арқылы Университеттiк ғылымды дамыту қарастырылған.
Елбасы атап өткендей, бүгiнде елiмiзге инновациялық тұрғыда үлкен серпiлiс қажет. Бизнестiң өзi келешегi бар жобаларды iздеп тауып, соған бейiмделiп әрi соны жүзеге асыруда ауқымды жұмыстар атқаруы тиiс. Шетелдiк тәжiрибеге қарасаңыз, дамыған елдерде шағын бизнес барлық инновациялардың 50 пайыздан астамын, жұмыс орнының 70 пайызын құрайды. Бiз де бiртiндеп осыған келуiмiз керек. Қазiрден бастап инновация авторлары мен ғалымдардың жағымды қоғамдық имиджiн қалыптастыруымыз керек. Яғни, ұшқыр ойлар бағалана бiлуi тиiс. Сонымен қатар бүгiнде елiмiзде Қазақстанның ғылыми-техникалық дамуының ұзақмерзiмдi ұлттық әлеуетiн анықтау бойынша алдын ала зерттеулер жүргiзiлуде. ҚР Бiрiншi Президентiнiң Қоры жанынан ғылыммен айналысатын жас мамандардың басын қосатын жас ғалымдар кеңесi құрылды .Бiлiм бағдарламаларын жақсы меңгерiп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өмiрiне белсене араласқан ЖОО студенттерi мен аспиранттарын қолдау үшiн әл-Фараби, Қ.Сәтбаев, А.Жұбанов, Абай, Шәкәрiм және басқа да қоғам қайраткерлерi атындағы атаулы стипендиялар бар. САУАТТЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙIНЕН 14-ОРЫНДАМЫЗҚазақстанның әлемдiк сахнадағы рөлi әр саладағы түрлi ғылыми жетiстiктермен өлшенедi. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, елiмiз ТМД елдерi iшiндегi алдыңға қатардағы елдердiң санатына жатады. Бұл тек экономикалық көрсеткiштерге ғана емес, сондай-ақ өмiр сүру сапасына да қатысты. Мұндай бағалау критерийлерiнiң бiрi – елдiң ғылым-бiлiм саласының жағдайымен байланысты. Азия дамыту Банкi ұйымдастырған "Бiлiм және кәсiби дағды: Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы елдердi жеделдетiп дамыту стратегиясы" зерттеуiнiң нәтижесi бойынша, Қазақстан Азия елдерi iшiнде бiлiм дамуы индексi бойынша 1 орынды иелендi (EDI). Бiз 177 елдiң iшiнде сауаттылық деңгейi бойынша 14 орынға табан тiресек, бәсекеге қабiлеттiлiктiң жаһандық индексiндегi ғылыми көрсеткiштерiмiз де айтарлықтай өстi. "Бастауыш бiлiмдi қамту", "Ересектердiң сауаттылық деңгейi", "Гендерлiк индекс", "Бастауыш сыныптық бiлiмi барлар үлесi" сияқты көрсеткiштер бойынша бiрқатар елдердi басып оздық. Қанша дегенмен, әлемнiң кез келген елiндегi жағдай осындай халықаралық зерттеулер рейтингiмен өлшенетiнiн ескерсек, бұл бiз үшiн жағымды жаңалық.
Қазақстандық оқушылар алғаш рет "Математика мен жаратылыстану пәндерiн зерттеудегi халықаралық тенденция" жобасы шеңберiнде (The Trends in International Mathematics and Science Study – TIMSS) өткiзiлген әлем елдерi мектеп оқушыларының математика және жаратылыстану (физика, химия, биология) пәндерi бойынша халықаралық сараптамалық зерттеуге қатысты. Оқушыларымыз халықаралық емтиханнан сүрiнбей өтiп, 5 және 11 орындарға ие болды. Қазақстандық мектеп оқушыларының бұл нәтижесi шетелдiктердi бей-жай қалдырмай, дәстүрлi академиялық зерттеу әлем елдерiнде алуан пiкiр тудырды. Елiмiздiң сапалы кадр әлеуетiнiң қалыптасуында Президенттiк "Болашақ" бағдарламасының рөлi зор. Жыл сайын осы бағдарлама бойынша 3000 мың студент шетелде бiлiм алады. Өткен жылы оқуға жiберiлетiн кейбiр ЖОО тiзiмiне; үмiткерлердiң жас ерекшелiктерiне қатысты бiрқатар өзгерiстер енгiзiлiп, ауылдық жерде оқитын жастар мен мемлекеттiк қызметкерлерге квота қарастырылды. БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ НЕМЕСЕ КЕҢЕСТIҢ ҚЫСҚАРУЫ2008 жылы диссертациялық кеңестердi оңтайландыру жүргiзiлiп, 29 докторлық кеңес қысқарды немесе iрi ұйымдарға қосылды. Қазiр олардың саны – 147, оның 142-ы докторлық, 5-i кандидаттық кеңес: 55-i гуманитарлық ғылымдар бойынша, медициналық, биологиялық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша – 45; жаратылыстану мен техникалық ғылымдар бойынша – 47.
2007 жылы 323 докторлық, 1792 кандидаттық (салыстырмалы түрде 2008 жылы – 310 докторлық пен 1325 кандидаттық) диссертация қорғалды. Бұл көрсеткiштiң кейiнгi жылдары азаю себебi жоғарыда айтып өткен кеңестердiң қысқартылуымен тiкелей байланысты. Қорғалатын диссертациялардың басым бөлiгi әлi де болса гуманитарлық ғылымдарға тиесiлi. Салыстырмалы түрде айтсақ, жаратылыстану – 16,6%, техникалық және қолданбалы – 31,9%. Осылайша, экономика, педагогика және филология сияқты гуманитарлық салалар көш бастап келедi. Егер 2000 жылы қорғалған диссертациялардың тек 26-сы ғана керi қайтарылса, 2007 жылы – 199, 2008 жылы – 198 жұмысқа қатысты терiс шешiм шығарылды. Оған негiзiнен материалдарды көшiру, диссертацияның мазмұны көрсетiлген мамандыққа сәйкес келмеуi, жаңа ғылыми түйiннiң жоқтығы, қажеттi публикациялардың болмауы себеп болды. 2008 жылы ғылыми жұмыстарға сараптама жасаудың сапасын арттыру мақсатында Ғылыми-техникалық ақпарат ұлттық орталығымен бiрлесiп, "Плагиат-Информ" жобалық бағдарламасы қабылданды.