Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТIЛIНДЕГI ТҰҢҒЫШ СПОРТ САЙТЫ АШЫЛДЫ

ашық дереккөзі

ҚАЗАҚ ТIЛIНДЕГI ТҰҢҒЫШ СПОРТ САЙТЫ АШЫЛДЫ

Сәрсенбiде Алматы қаласы әкiмшiлiгi ғимаратының 3-залында "elsporty.kz" спорт интернет-журналының тұсауы кесiлдi. Елiмiздегi спорт туралы тұңғыш әлеуметтiк ақпар беретiн жоба болып отыр.

Әлеуметтiк жоба мақсаты – отандық спортқа тиiстi дәрежеде көңiл бөлу және насихаттау. Сондай-ақ, 2011 жылы өтетiн Азиада ойындарының жоғарғы деңгейде өтуiне атсалысу. Жоба авторлары және ұйымдастырушылар Қуат Домбай және Қысқы Азия ойындарының Алматы қаласы дирекциясының басшысы Сұлтанмахмұт Шоқпытов. "Ел спортына қосқан үлесiмiз ретiнде бiз осы жобаны бiрлесе жүзеге асырдық. Ал спорт проблемалы мәселе болып отыр" – дейдi С.Шоқпытов.

Елiмiздегi интернеттi қолданушылар саны 1,6 миллион адамнан асып отыр. Ал, қазақтiлдi ақпараттық порталдар саны барлық сайттардың 5-7 %-ын ғана құрайды екен. Жоба авторы Қуат Домбай ғаламтордағы қазақ тiлiндегi ақпараттық порталдарды пайдаланушылар санын кеңейтудi көздеп отырғанын айтты. Аталмыш шара барысында порталдың бас редакторы Назерке Сұлтанбек сайт дизайны мен жұмысына жiтi тоқталып өттi.

"elsporty.kz" порталы оқырмандарына фото, видео топтамалар және тарнсляцияларды ұсынып отыр. Сондай-ақ, "elsporty.kz" жобасында бұрын-соңды болмаған айдарлар мен қызықты ақпараттар топтастырылған. Аталмыш веб-портал тек Қазақстан территориясынан тыс, шетел қазақтарына да хабар тарататын болады.

Ақниет ОСПАНБАЙ