Жаңалықтар

АПАТ САЛДАРЫНАН 16 ВАГОН ЖОЛДАН ШЫҚТЫ

ашық дереккөзі

АПАТ САЛДАРЫНАН 16 ВАГОН ЖОЛДАН ШЫҚТЫ

Қаңтар айының 19-жұлдызында күндiзгi сағат 12.15-те Құлантөбе станциясының төбешiгiнде "Алматы-Сарыөзек" жөнелтiлiмi бойынша тұрған № 3404 жүк поезы рельстен артқа қарай сырғып кетiп, "Шу-Үштөбе" жөнелтiлiмi бойынша тұрған №2008 жүк поезымен соқтығысқан.

Көлiк апатының салдарынан №2008 жүк поезының 16 вагоны рельстен шығып кеткен. Қазiргi уақытта "Алматы -Защита" поезының кiдiруi 10 сағатқа, "Алматы-Новосибирск" бағытындағы кiдiрiс 7 сағат 30 минутқа, "Алматы-Павлодар" бағытындағы поездың кешiгуi 4 сағат 50 минутқа кешiктiрiлдi.

Оқиға орнына Алматы-1 ст. ЖИБ басшы құрамы, Жетiсу көлiк прокуратурасы және Алматы- 1 ст. жөндеу қалпына келтiру поезы шықты.

Тапа-талтүсте орын алған төтенше жағдайдың себеп-салдары жiтi тексерiлiп, анықталуда.

Сандуғаш МҮСЛIМОВА,

Көлiктегi Оңтүстiк-Шығыс IIД қызметкерi