ТЕХНИКА ТIЛIН БIЛГЕН ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ

ТЕХНИКА ТIЛIН БIЛГЕН ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ

ТЕХНИКА ТIЛIН БIЛГЕН ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ
ашық дереккөзі

Ғылым мен инновация даму кепiлi, яғни мемлекеттiк саясаттың басымды бағыттарының бiрi. Елiмiздiң экономикасын құру және гүлдендiру үшiн ғылыми және бiлiмдiк әлеуеттi мықтау керек. Осы мақсатты жүзеге асыруда Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың көтерер жүгi ауыр. Себебi елiмiздегi тау-кен өндiрiсi мен мұнай-газ саласы мен ақпараттық технологиялар мамандарын дайындайтын бiрден-бiр жоғарғы оқу орны. Индустриялы-инновациялық экономиканы дамытуда көш басында келе жатқан ұлттық оқу орнына биыл 75 жыл толып отыр. Жарты ғасырдан астам уақыт iшiнде аталмыш оқу орнында он институт жұмыс жасап келедi. Жаңа бағыттарды игеру қалай қолға алынуда? Нәтижелерi қандай? Осындай сауалдарға орай Ақпараттық технологиялар институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Мұхит Шабданұлы Байбатшаевпен әңгiмелескен едiк.

– Техникалық университетте ақпараттық технология институтының iргетасы қашан қаланды? – ҚазҰТУ құрамындағы аталмыш институт – қазiргi уақытта республикалық ақпараттық технологиялар аймағында кеңiнен танымал бiлiм және ғылым орталығы. Ақпараттық технологиялар институтының ұйымдастырылу кезеңi өткен ғасырдың 50-60-жылдарынан басталады. Осы кездерi республиканың әртүрлi салаларына (тау-кен, металлургия, энергетика тағы басқа) технологиялық процестер және өндiрiстердi есептеу техникасы негiзiнде құрылған автоматтандыру жүйелерiнiң өндiрiске енгiзiлуiне байланысты оларды жобалау, жасап шығару, енгiзу және пайдалануға бағытталған мамандардың қажеттiлiгi байқалды. Осы қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн 1959 жылы университет құрамында екi кафедра – автоматика және телемеханика, математикалық және есептеу құрылғылар ашылды. Кейiннен осы кафедралар негiзiнде автоматика және есептеу техникасы (АжЕТ) факультетi құрылды. Факультеттiң қалыптасуы мен өркен жаюы алғашқы декан Қазақ ССР ҒА академигi Ө.А.Жолдасбековтың есiмiмен тiкелей байланысты. Факультеттiң өндiрiстi автоматтандыру тәжiрибесi мен теориясының дамуына Өскемен Қорғасын-мырыш және титанды-магний комбинаттары, Балқаш және Жезқазған Тау-кен байыту комбинаты және Шымкент Қорғасын зауыты және металлургия саласының қызметкерлерi едәуiр серпiлiс бердi. Алпысыншы жылдар өндiрiстi ақпараттандыру, автоматтандырылып басқару бағытында қазақстандық ғылыми мектептiң iргетасын қалаудың бастапқы кезеңi болды. Ақпараттық технологиялар институты аталынған АжЕТ факультетiнiң тiкелей iзбасары. – Кафедралардың шетелдiк ғылым және бiлiм, өндiрiс орталықтарымен, IT-компанияларымен байланысы қандай деңгейде? – Бұрындары ғылым академиясымен тығыз байланыс орнатылған болатын. Ал қазiр ғылым академиясы шеттеп қалды, сондықтан бiздiң байланысымыз айтарлықтай емес. Сонымен қатар шетелдiк оқу орындарымен өзара қарым-қатынас ретке қойылған. Анығырақ айтсақ, Кипрдегi Грин қаласының АҚШ университетiмен бiрге бакалаврларды оқыта бастады. Осы бағдарламаның түлектерi екi дипломның иегерi атанады. Сондай-ақ, Морурон техникалық университетi (Жапония), Мичиган штатының университетi, Санкт-Петербордың ресейлiк Ғылым академиясының Автоматика және информатизациялау институты, Мәскеудегi Энергетика институты мен байланыс орнатылған. – Ақпараттық технологиялар институты IT мамандарын дайындауда қандай шаралар жүргiзiп отыр? – Бүгiнгi күнi кафедралар бакалавр, магистрлiк және докторлық бағдарламаларына сәйкес мамандарды даярлауға бағытталған шаралар жүргiзуде. Институтта 1250-ден астам студент, 90-нан артық аспиранттар мен магистранттар оқуда. Аталмыш институт ғалымдары ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемi мен сапасын жақсарту мәселелерiне үлкен мән берiлiп отыр, яғни ғылыми кадрлiк потенциал мен материалдық-техникалық қоры бүгiнгi таңдағы ақпараттық технологиялар саласындағы ең өзектi тапсырмаларды алдыға қойып, оны шешуге мүмкiншiлiк берiп отыр. Соның нәтижесiнде 2005-2008 жылдар аралығында институт ғалымдары 60 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекеттiк компаниялар мен келiсiмшарттарды жүзеге асырды. Ақпараттық институт базасында ғылыми бағыттағы халықаралық, республикалық конференциялар, семинарлар өткiзiледi. Халықаралық университеттерде бiлiмiн толықтыруға мүмкiндiк жасалған. – Елiмiздегi техникалық кадр мәселесi қалай шешiлуде? Техникалық мамандықты Қазақстанда алып шыққан жастар шетелдiк компанияларға жұмысқа тұра ала ма? – Бiздiң институт IT мамандарын дайындауға бейiмделген. Техника дамыған заманда бұл ақпараттық технологтар кез келген жерге қажет. Алайда осыдан бiрнеше жыл бұрын бiздiң мамандықтарға қарапайым халық тарапынан қызығушылық болмады. Себебi бiздiң қазақ балалары математика мен физикаға аса бейiм болған жоқ. Керiсiнше гумантиралық мамандықтардың есiгiн қағушылар саны көбейiп кеткенi баршамызға белгiлi. Сондықтан қазiр тау-кен, металлургия саласындағы мамандар жетiспей жатыр. Елбасымыздың өзi қолға алған инновациялы, индустриялы экономиканы қалыптастыру үшiн алдымен осы саладағы маман керек. Сол себептi, техникалық университеттердiң барлық мамандықтарына қосымша грант берiлдi. Бұл бiзге келушi студенттер қатарын көбейттi. Кез келген өнеркәсiп, IT компанияларда жұмыс iстей алады. Кадр мәселесiне келер болсақ, бiз даярлаған мамандар қазiрде шетелдiк компанияларда қызмет атқарып жатыр. Мәселен, белгiлi шетел фирмалары MICROSOFT, CISCO, CAHCE CAMPUS, SOFTLINЕ мен келiсiм жасасқан. Жақында CISCO компаниясының шағын академиясы ашылды. Осының нәтижесiнде оқу базасы аталынған компанияда шығарылатын құралдарымен, оқу бағдарламаларымен толықтырылып жаңғыртылды және студенттерге аталмыш компанияның сертификаттарын алуларына мүмкiндiк берiледi. Сол сияқты Қазақстандағы бiрегей байланыс компаниясы KCELL-мен арнайы келiсiмшарт жасалып, институтты бiтiрген жас кадрлер сол жерге қызмет атқаруға жiберiледi. – Әңгiмеңiзге рахмет!  
Сұхбаттасқан Ақниет ОСПАНБАЙ