КОНРАД АДЕНАУЭР ҚОРЫ БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРДI ҚОЛДАЙДЫ

КОНРАД АДЕНАУЭР ҚОРЫ БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРДI ҚОЛДАЙДЫ

КОНРАД АДЕНАУЭР ҚОРЫ БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРДI ҚОЛДАЙДЫ
ашық дереккөзі

Медиа-Мектепке кезектi, мерейтойлы 10 топтың қабылдануының аясында MediaNet Халықаралық журналистика орталығы мен Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қор негiзгi топ, қазақ және орыстiлдi бөлiмдерiндегi арнайы курстың студенттерi мен бiтiрушiлерiне арнап шәкiртақы тағайындады.

2 айлық мерзiмдi шәкiртақы ең үздiк журналисттiк зерттеудiң, мақалалар немесе телерепортаждар топтамасының жобасын дайындаған 10 студентке берiледi. Шәкiртақы сомасы айына 30 000 теңгенi құрайды. Келесi 2 айдың iшiнде студенттер өз жобаларымен жұмыс жасайтын болады. Комиссия алдында қорғау 2-қарашада өткен болатын. 7-8шi қараша күндерi жобаға қатысқан түлектерге Алматыдағы Алатау санаториiнде екi күндiк тренинг-сабақ болып өттi. Болашақ журналистерге MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры Вячеслав Абрамов, Қазақстандағы IWPR өкiлдiгiнiң директоры Ольга Досыбиева, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директорының орынбасары Игорь Братцев сынды кәсiби тренерлер дәрiс өткiздi. Аталған тренингте дәрiс берушiлер журналистиканың қыр-сыры жайлы құнды ақпараттар мен кәсiби тәжiрибелерiмен бөлiстi. Сонымен бiрге Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы өкiлдiгiнiң басшысы Әлия Мусина мен Қазақстан мен Орта Азия бойынша Қордың аймақтық өкiлi Др. Грегор Риссель тренинг тыңдаушыларға сәттiлiк тiлеп, жоба жеңiмпаздарына арнайы сертификат табыстады. Тренингке қатысушылар алдағы уақытта да осындай игi бастамалардың жиi болып тұруын сұрап, ұйымдастырушыларға ризашылығын бiлдiрдi. Бiр «әттегенайы» дәрiстiң тек ресми тiлде өткендiгi болды.

Медиа мектеп — MediaNet Халықаралық журналистика орталығының жанынан құрылған, Қазақстандағы тәуелсiз, жалғыз болашақ журналистердi дайындайтын коммерциялық емес мекеме. Аталған мектеп 2005 жылдың 16-ақпаннан бастап Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен жемiстi жұмыс жасап келедi.

Жазира Ташматова