Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКIЗIЛДI

ашық дереккөзі

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКIЗIЛДI

Жақында Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениетi университетiнде «Исламтану және араб филологиясы мәселелерi» тақырыбы аясында VII халықаралық ғылыми-практикалық конференция өттi. Конференция қасиеттi Құран Кәрiм оқумен басталды. Қатысушыларды университет ректоры, академик Махмұд Фаһми Хижази құттықтады.

Жиынға қонақ ретiнде Каир университетiнiң профессоры, академик М.Әс-Сибағи, Египеттегi әл-Мансура университетiнiң профессоры Р.Тоғима, Алматыдағы Шет тiлдерi және iскерлiк карьера университетiнiң ректоры, тарих ғылымдарының докторы С.Хизметли келiп, исламтану өзектi мәселелерiн қамтыған баяндамаларын ұсынды.

Жалпы конференцияға 4 жоғары оқу орнының ғалымдары, iзденушiлерi қатысты.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениетi университетiнiң докторлары Р.ад-Дақиқи, М.Махфуз, Ш.М.әл-Жунди, Абдурахман Саад, Нашат Абдул Азиз, Мұхаммад Ризқ, ғылым кандидаттары Ә.Әлмұхаметов, Қ.Затов, А.Ахметбек, Т.Медеуов, Ж.Мейiр, М.Басюни, Г.Имашева iзденушiлер Қ.Құрманбаев, Е.Ақатаев, А.Әмiров, О.Шаяхметов, Б.Әбуов, А.Мұстафаева, т.б. (мына тақырыптарда «Әбу Халифа мәзхабын зерттеудiң қайнар көздерi», «әс-Сығанақи – араб грамматикасын зерттеушi», «Қашықтан үйрету әдiсiне арналған оқу пәндерiн дайындау», «Ислам тарихын оқу және оқыту әдiстемесi», «Өркениеттердiң өзара тоғысуы», «Зайырлы мемлекет жағдайындағы дiни қайта өркендеудiң кейбiр өзектi мәселелерi», «Аллаһ тағаланың Өз пайғамбарын уахи арқылы түзетуi», «Сүйiспеншiлiк және этикет», «Исламның Орта Азия мен Қазақстанда таралуы», «әл-Фарабидiң өнердегi кемелдiк iлiмi», «Абай және тағдыр мәселесi», «Нұр-Мүбарак университетiнде Құранды жаттату тәжiрибесiнен», «Хадистердiң жинақталуы және реттелуi», «Араб емес ұлттардың араб тiлiн үйрену барысы», «Араб тiлiндегi интонация және оның фразеологиясын байытушы қайнар көз», «Араб тiлiн үйретудiге тиiмдi әдiстер», «Құрандағы шешендiк сөздер») қызықты да қажеттi ой-пiкiрлер айтты.

Жылдан-жылға өренi зерттеулерге жол ашқан бұл конференция алдағы уақытта жемiстi бола бередi деген үмiттемiз.

Күлпара ЖҰМАҒАЛИ