ДЕРТКЕ ДАУА, ЖАНҒА ШИПА IЗДЕСЕҢIЗ, ОҢТҮСТIКТЕГI «АЛТЫНАЙҒА» БАРЫҢЫЗ...

ДЕРТКЕ ДАУА, ЖАНҒА ШИПА IЗДЕСЕҢIЗ, ОҢТҮСТIКТЕГI «АЛТЫНАЙҒА» БАРЫҢЫЗ...

ДЕРТКЕ ДАУА, ЖАНҒА ШИПА IЗДЕСЕҢIЗ, ОҢТҮСТIКТЕГI «АЛТЫНАЙҒА» БАРЫҢЫЗ...
ашық дереккөзі

Уақыттың жүйрiктiгi туралы талай ұлы философтар көңiлге қонымды пiкiрлерiн айтып кеткен ғой. Дегенмен, адами, пәндәуи ойға берiлген сайын, осы бiр минуттап, секунттап жылжып жатқан жыл мезгiлдерiнiң көңiлге қуаныш та, қаяу да түсiретiнi бар. Ол да уақыттың тоқтамай, алды-артыңа қарайлап үлгертпейтiн жылдамдығы, ай түгiлi жылжып өтiп жатқан жылдарыңыздың өзi басы басталысымен,тез-ақ аяқталып зымырап өтiп жатқаны болса керек. Тiршiлiктiң күйбеңiмен жүрiп көктемнiң, жаздың, одан күрең күздiң келуi кейде осындай сағыныш-ойларға жетелейтiнi жаныңды ептеп ауыртатыны да сондықтан.

Мiне, тағы бiр жазғытұрым жаз айлары артта қалып, қоңыр күздiң қоңыр салқын самалы да келiп жеттi. Ала жаздай көлге баратыны көлге, тауға шығатыны тауға өрмелеп, жақсы демалыстан оралғандар күзгi салымға, одан ары төбесi көрiнген қаһарлы қысқа дайындық үстiнде.

Жазғы демалыс демекшi, осы бiр мақаланы жазуға себепкер болған да, күйбең тiрлiктен қашып, арасында он шақты күн демалуға барған сапарымыз едi.

Жалпы, республикамыздың кез келген өңiрiнде отандастарымызға жаймашуақ көңiл-күй сыйлайтын, қоңыр демалыс сыйлайтын курорттық орындар көп-ақ. Бүгiнде кез келген пендеңiздiң бойынан табылатын сырқат түрлерiне байланысты санаторий-курорттар жетiп артылады. Әсiресе, асқазан, өт жолдары мен iшек-қарын дерттерiне ем-дауаны iздеушiлер, әрине, оңтүстiк өңiрге жиналады.

Биыл да жылдағыдай «Сарыағаш» курортындағы «Алтынай» шипажайында демалушылар саны аса көп екен.

– Бiзге емделушiлер мен демалушылардың көптеп келетiн тағы бiр себебi, тiптi ең басты себебi десек те болады, ол – ем-шаралардың ғимараттың iшiнде жүргiзiлетiнi болса керек. Сондықтан да, бiзде қысы-жазы адам үзiлмейдi. Әрине, басқа әрiптестер ренжи қоймас, уақыт бойынша үзiлiссiз алынатын емiңiздiң, тамақ iшетiн асханаңыздың, жатын орныңыздың бiр жерге орналасқаны көп көмегiн тигiзетiнi, оның уақыт үнемдеп демалуыңызға да септiгiнiң мол екенiн келушiлердiң өздерi де растайды, – дейдi шипажай директоры Асылхан мырза Ойсаев. – Онсыз да қысы жанға жайлылық тудыратын емдеу-сауықтыру орындарының жылдың қай мезгiлiне де қарамай, келушiлердiң саны жылдан жылға көбейiп келе жатқанын ескерiп, «Алтынай» шипажайының президентi Құрал ЕРЖАНОВ мырза оның ауқымын кеңейтудi қолға алған болатын, амандық болса, келесi жылдары бұдан да көбiрек қабылдауға күш салып жатырмыз.

Иә, директордың сөзiнiң жаны бар, алғашқы жылдағыдай емес, салынып жатқан жаңа корпустардың сұлбасы биiктеп-ақ қалған екен. Суымен бiрге таза ауасы, дәмдi де арзан жемiс-жидектерiнiң өзi тiл үйiретiн оңтүстiк өңiрiнiң шын мәнiнде, аса қонақжайлылығы бетке ұрып тұратыны талай мәрте айтылып та, жазылып та жүр. Емделушiлердiң арасынан елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен келгендердiң iшiнен ресейлiк қонақтардың да өрiп жүруi, осы бiр ешкiмге ұқсамайтын қасиетiнен де болар деген ойға келесiң. Әйтпесе, ем аламын, дем аламын деушiлерге ол жақтан да табылар едi ғой. Тiптi, олардың арасында екi-үш жыл қатарынан үзбей келгендерi де кездестi.

Сонымен…

Асқазан сөлiндегi қышқылдарды реттеуге. өт пен зәр жолдарын толық тазартып, қалыптастыруға және қорғасын тотығынан улану, буын, жүйке, терi және гинекологиялық аурулардың асқынуына жол бергiңiз келмесе, ваннасы мен душын қабылдап, iшек-қарныңыз бен бауырыңызды құрамында минералды заттарға бай сумен шайғыңыз келсе,Оңтүстiк Қазақстан өлкесiнде орналасқан «Алтынай» шипажайына келуге асығыңыздар!

Таңсұлу АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ