"Болашаққа" биыл 600 стипендия бөлінбек

"Болашаққа" биыл 600 стипендия бөлінбек

"Болашаққа" биыл 600 стипендия бөлінбек
ашық дереккөзі

«Болашақ» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 600 стипендия берілмек. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев Ақордада өткен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді.

ҚР Мемлекеттік Хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың жетекшілігімен өткен отырыста кезекті үміткерлер тобына стипендия тағайындалмақ. Республикалық комиссияның келесі отырыстарында да стипендиялар бекітіледі. Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев: «Жоспарға сәйкес ағымдағы жылы 600 стипендия тағайындау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта шамамен 140-ы берілді, қалғаны қарастырылады. Мемлекет басшысы атап өткен Астанада құрылатын халықаралық  қаржы орталығын айтар болсақ, онда бізге бұл бағытта аталған орталықта жұмыс істейтін заңгерлер, қаржыгерлер мен экономистер қажет болады. Сондықтан осы мамандықтарға баса назар аударылады», – деді. Сондай-ақ, вице-министр отырыс барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» атты ұлт жоспарына аса үлкен назар аударылатынын айтты.