Жаңалықтар

Жалған ақша жасағандар ұсталды

ашық дереккөзі

Жалған ақша жасағандар ұсталды

Алматы облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметі Алматы облысында жалған ақша жасаумен айналысқан азаматтардың қолға түскендігі туралы хабар таратты. Бұл ақпаратты бүгін «Tengrinews.kz» сайты жариялады.

Жалған ақша жасаумен айналысқандардың біреуі қазақстандық, қалған екеуі Өзбекстан азаматы. 1994 жылы дүниеге келген Қазақстан Республикасының азаматы, 1992 және 1994 жылы туған Өзбекстан азаматтары соңғы үш ай бойы Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында 2000 теңгелік ақшаны қолдан жасап, өткізіп келген екен. Департамент қызметкерлерінің хабарлауынша, қолға түскен азаматтардың тұрғылықты жерін тексеру кезінде жалпы сомасы 450 мың теңге, яғни, 2000 теңгелік 225 купюра, А4 форматындағы 11 қағаз бен түрлі-түсті етіп басып шығаратын HP және Canon маркалы екі принтер тәркіленген. Қазіргі уақытта күдікті азаматтар қамауға алынды. Мамандары ары қарай жалған ақшалардың номерлері арқылы қолда жүрген қалған бөлігін анықтайтын болады.