АДАМДАРҒА ДЕГЕН СҮЙIСПЕНШIЛIК!
АДАМДАРҒА ДЕГЕН СҮЙIСПЕНШIЛIК!
Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң ұйымдастыруымен өткен аптада «Адамдарға деген сүйiспеншiлiк» атты қайырымдылық концертi ұйымдастырылды. Қайырымдылық қорына жиналған қаражат көзi әлеуметтiк көмекке мұқтаж жандарға үлестiрiлетiн болады. Осындай шараға ат салысуға Толқын Забирова, Мәдина Сәдуақасова, Нұрлан Абдуллин сынды қазақтың танымал әншiлерi де келдi. Сонымен қатар қайырымдылық концертке Қазақстан ұлттық ассамблеясының қызметкерлерi мен спорт шеберлерi өнерлерiн паш еттi.
Кеш барысында көмекке зәру зағип жандар мен жетiм балаларға қамқор болып, қолұшын берген азаматтар мен демеушiлер арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Ел аузында “бiреуге жасаған жақсылығың, әрдайым өзiңе қайтып отырады” деген сөз тегiн айтылмаса керек.