"ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫНА" ҚАЛАЛЫҚТАР ДӘН РИЗА

"ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫНА" ҚАЛАЛЫҚТАР ДӘН РИЗА

"ҚОСТАНАЙ  МИНЕРАЛДАРЫНА" ҚАЛАЛЫҚТАР ДӘН РИЗА
ашық дереккөзі

"Қостанай минералдары" АҚ Қостанай облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы Жiтiқара қаласының солтүстiк шығысында орналасқан.

Негiзгi өнiмi – Жiтiқара кенiшiнiң хризотил-асбест кенi. Кен байлығы жөнiнен бұл кен орны дүниежүзi бойынша 5-шi орында, ал Қазақстанда бiрден-бiр кен орны болып табылады.

Осы кенiштiң негiзiнде 1965 жылы Қостанай асбест комбинаты құрылып iске қосылған едi.

Комбинаттың өндiрiстiк қуаты 3-6 топтағы хризотил-асбестi бойынша 403,8 мың тоннаны, ал қайтып өңдеу бойынша 7 млн. тонна кендi құрайды.

"Қостанай асбест" комбинаты қазiргi уақытта "Қостанай минералдары" акционерлiк қоғамы деп аталады.

Осы өндiрiстiң басқарма бастығы техника ғылымдарының докторы, "Құрмет", "Звезда Содружества" ордендерiнiң иегерi, Жiтiқара ауданының құрметтi азаматы Қанат Қуатжанұлы Жүсiповпен қыркүйек айының соңында кездескен едiк.

Қанат мырза әңгiменi кенiш туралы былай өрбiттi:

– "Қостанай минералдары" АҚ бұл қазiргi заманның жоғары механикаландырылған, қуатты өндiрiс құралдарымен жабдықталған, өзiне жеткiлiктi сатыдағы технологиялық кезеңдерi механикаландырылған, автоматтандырылған кен-байыту өндiрiс орны.

Комбинаттың құрамына тау-кен көлiгi мекемесi, кен байыту кешенi, темiр жол, механикаландырылған жөндеу зауыты сияқты арнайы бөлiмшелер кiредi.

Жiтiқара хризотил-асбест кенiшi жер бетiнде ашық жағдайда жұмыс iстейдi. Жұмыс жүйесi – көлiкпен үйiндiнi сыртта жасақтау. Бос тастар мен технологиялық қалдықтар карьерден 2 шақырым қашықтықта орналасқан. Үйiндi 3 қатардан тұрады, әр қатардың биiктiгi 30-50 метрден.

Кендi аршу және кендi алу жұмыстары жеке қатпарлармен жүргiзiледi. Әр қатпардың биiктiгi 15 метр. Қопарып-бұрғылау әдiсi қолданылады. Үңгiлер шарлы бұрғылау қондырғысымен бұрғыланады. Әртүрлi қорғағыш заттар пайдаланылады, оның iшiнде суэмульсиондық қопарғыш заттар бар.

Карьерде жоғары өнiмдi ЭКГ-8И, ЭКГ-12,5, ЭКГ-"3УС" сияқты эксковаторлар, 75-100 тонналық автосамосвалдар, ПЭ-2М сияқты пайдалы салмағы 1000 тонна тартатын жекпелi агрегаттар, СБШ-250 мн шарлы бұрғылау қондырғысы, т.б. қол жұмысын жеңiлдететiн агрегаттар қолданыста пайдаланылады.

Карьерден алынған кен байыту фабрикасына жеткiзiлiп байытуға дайындалып, байыту технологиясынан өтiп дайын өнiмдi қаптаумен аяқталады.

Кендi байыту дегенiмiз – iрi-iрi 1,2 метрлiк кен тастары 3 рет майдалаудан өткiзiлiп 50 мм.-ге дейiн жеткiзiледi. Кеннiң ылғалдылығы 2 пайыздан аспау керек, бұл өлшем арнайы құрғататын пештерде кептiрiлiп жетiлдiрiледi.

Байыту технологиясында кен одан әрi майдаланып, асбест талшықтарын сорттарына қарап сорғыш желдеткiштердiң көмегiмен бөлiнiп алады. Алынған асбест талшықтары одан әрi тазартылып, сорт сортқа бөлiнiп, қосымша кептiрiлiп межелi сапаға жеткiзiледi.

Алынған таза асбест 50 кг.-дық брикеттерге престелiп полипропилендiк қаптарға салынып тiгiлiп, желiмделiп арнайы ағаштан жасалған көтерме орындарға жиналып, дайын өнiмдер қоймасына жiберiлдi.

Ол жерден сатып алушыларға дайын өнiм, темiржол вагондарымен жiберiлдi. Кендi байыту жабдықтары тек қана осы асбест өңдеуге әдейi арналған жабдықтар болып есептеледi.

Асбест өңдеудiң негiздерi христотил-асбесттiң 10 маркасы алынады.

Сапа жағынан "Қостанай минералдары" АҚ ҚР Үкiметiнiң сапа жөнiндегi жүлдесiнiң иегерi.

Асбест қоспа және таза күйiнде 3000-нан астам заттарды құрайды.

Асбест жасалған заттар құрылыста, автомобиль, авиация, трактор, химиялық, электрохимиялық өндiрiстерiн және машина жасау, кеме жасауда да қолданыс табады, Қостанай асбестiнiң және бiр ерекшелiгi табиғатта асбесттiң бұл түрiнiң басқа жерде кездеспеуi және дәл осы асбесттiң сапасындай ауыстырмалы қолдан жасалған заттың болмауы.

Бұл өндiрiс орны Жiтiқара қаласының көркеюiне, халқының әл-ауқатының өсiуiне, рухани мәдениетiнiң өсуiне айтарлықтай көмек көрсетiп отырған өнiдiрiс орны.

Мысалы, қалада "Жеңiс саябағы", "Алматы" жүзу бассейнi, Ержан Тәтiшов атындағы мұсылмандар мешiтi, Христиандар шiркеуi жаңадан салынып iске қосылған. Қаланың стадионы жөнделiп жаңа салынғандай жайнап тұр, "Абай жолы" аллея бульвары iске қосылған, орталық алаңда фонтан жаңадан iске қосылып, кештерде жастардың, қала халқының демалыс орнына айналған. Кеңес одағының батыры Естай Ищановтың ескерткiшi орнатылып, жастардың тағзым ететiн орны болыпты. Қала iшiнде "Еңбекке құрмет" монументi орнатылған, Шортанды өзенiндегi көпiр жөнделiп, көпiр жолының екi жағынан әрқайсысы 10 тонналық монумент орнатылған. Бұл монумент "Қостанай минералдары" АҚ-ның шойын қорыту цехында металл-лом қалдықтарынан құйылған.

"Қостанай минералдары" АҚ жағдайы нашар 160 оқушыға әр күнi түс кезiнде ыстық тамақ ұйымдастырғанына 3 жыл болыпты. Оған қоса 50 зейнеткерге түстiк ыстық тамақ берiледi екен.

Мiне осы жасалынып жатқан iзгi iстердiң барлығы қала халқының комбинатқа деген, комбинат басшылары басқарма бастығы Қанат Қуатжанұлына, "Қостанай Минералдары" АҚ-ның президентi Еркiн Нүрiлдайымұлына деген ризашылықтарын, ыстық ықыластарын қала халқымен сөйлескенде анық аңғардық.

Өскенбай ҚҰЛАТАЙҰЛЫ