Гүлмира ИЛЕУОВА: ҚОҒАМНЫҢ БЕЙЖАЙЛЫҒЫ – ЕҢ ҚАУIПТI СИНДРОМ

Гүлмира ИЛЕУОВА: ҚОҒАМНЫҢ БЕЙЖАЙЛЫҒЫ – ЕҢ ҚАУIПТI СИНДРОМ

Гүлмира ИЛЕУОВА: ҚОҒАМНЫҢ БЕЙЖАЙЛЫҒЫ – ЕҢ ҚАУIПТI СИНДРОМ
ашық дереккөзі

6-қазанда «Стратегия» әлеуметтiк және саяси зерттеулер орталығының директоры Гүлмира Илеуова «Айтпарк» пiкiрсайыс клубының қонағы болды. Әңгiме әлеуметтiк зерттеулер және оның қоғамдағы рөлi тақырыбында өрбiдi.

Әңгiменiң бiсмiласын бастаған саясаттанушы Нұрлан Ерiмбетов алғашқы сауалды әлеуметтiк зерттеулердiң қоғамдағы рөлi төңiрегiнде қойды:
МӘҢГIЛIК ПРЕЗИДЕНТ ИДЕЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ ПIКIРГЕ АЙНАЛА ҚОЙҒАН ЖОҚ
 

– Әлеуметтiк сауалдардың әсерi шыбын шаққан құрлы болмай отырғандығы нелiктен? – дедi.

– Менiңше, бiздiң елдегi әлеуметтанушылардың жұмысын пайдасыз дей алмаймын. Қазiргi билiктiң бiздiң жүргiзген нақты зерттеулерiмiзден кейiн қолданып жатқан шараларына қарап отырып, бұл әлеуметтiк зерттеулер нәтижесiнде жасалып жатқан iстер деп ойлаймын. Мәселен, соңғы бiр жыл көлемiнде жүзеге асып жатқан «Жол картасы» жайында айтатын болсақ, бiздiң зерттеулерiмiз бойынша, соңғы 8 жыл iшiнде жұмыссыздық мәселесi – Қазақстанда үнемi 1 орында болып келген. «Жол картасының» негiзгi мақсаты жұмыссыздықпен күрес, жастарды жұмыспен қамту. Демек, бiз текке жұмыс iстеп отырған жоқпыз. Әрине, билiктiң жүзеге асырып отырған iсi мен бiздiң жүргiзiп отырған зерттеулерiмiздiң арасында тiкелей байланыс жоқ. Олай болуы мүмкiн де емес. Әлеуметтану жекелеген адамдардың жеке көзқарастарын зерттейдi. Мемлекеттiк статистика мен ресми зерттеулерге билiк көбiрек ден қояды. – Былтыр 26-қазанда Бүкiлресейлiк әлеуметтанушылар конгресi болып өттi. Оған Ресейдiң 77 аймағынан 1300 делегат қатысып, 2500 баяндама оқылды. Ал, бiзде әлеуметтану ғылымы қандай деңгейде? – Әрине, бiзде әлеуметтанушылар бар. Аймақтарда да, жақсы социологтар бар. Сондай-ақ, Әлеуметтанушылардың қауымдастығы жұмыс iстейдi. Әрине, олар тым көп емес. Дегенмен, әлеуметтiк зерттеулер жүргiзiлiп келедi. – Жақында Атырау облысында ардагер Ғабдуллин «Өмiрбақилық президент идеясы барлық халықтың аузында жүр» дегендi айтып салды. Әлеуметтiк зерттеулер не дейдi? Шын мәнiсiнде солай ма? – Бiз осы мәселеге орай 11-20 қыркүйек аралығында арнайы зерттеу өткiздiк. Бұл идеяны 10-қыркүйек күнi Ақтөбеде Байдосов мырза айтқан едi ғой. Бiздiң зерттеуiмiз бойынша, дәл сол кезде халықтың 40%-ы бұл туралы естiп бiлген. Демек, Ғабдуллин ақсақалдың бүкiл халықтың атынан сөз алуы дұрыс емес. Айталық, осы идеяның бастамашылдары тұратын Ақтөбе және Атырау облыстарының тұрғындары мұндай бастама жайында тым аз бiледi. Бұл өңiрдiң халқы аталған бастаманы бiртiндеп бiле бастаған. Оны есту арналарына назар салсақ – ел арасында тараған сыпсың сөз арқылы және телеарналар таратқан ақпараттар арқылы бiлген. – Ал, қазақстандықтардың қанша пайызы бұл идеяны қолдайды? – Халықтың 43%-ы қолдайды немесе қолдайтын болады. Респонденттердiң 33%-ы қолдамайды немесе қолдамайтын болады. Сұралғандардың 16%-ы үшiн бәрiбiр. Яғни, бұл мәселеге орай, қоғамдық пiкiр әлi қалыптаса қойған жоқ. Қоғамдық пiкiр қалыптасуы үшiн, халықтың 70%-ының ол мәселеден хабардар болуы тиiс.
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 60%-Ы ПРЕЗИДЕНТКЕ ҮМIТ АРТАДЫ
 

– Былтыр ТМД мемлекеттерiнде халықтың қалай өмiр сүретiндiгi жайлы сауалнама жүргiзiлдi. Қазақстан халқының 67%-ы жақсы өмiр сүретiндiгiн айтқан. Украиндықтардың 43%-ы өз өмiрiне шүкiршiлiк етсе, ресейлiктердiң 38%-ы өздерiн жақсы деген категорияға жатқызыпты. Дегенмен, менiңше, бұл сауалнаманың қорытындысы маған күдiктi көрiндi. Бұл ненi көрсетедi – не бiздiң амбициямыз жоқ, не ненiң жақсы, ненiң жаман екенiн ажырата алмаймыз ба? Әлде, бұл бiздiң дүниетанымдық ерекшелiгiiмiзге байланысты ма?

– Бiз кез келген мәселенi адамдардың жекелеген көзқарасына орай бағалайтындығымызды айттым. Аталған сауалнамада бiрiншi орынды Өзбекстан алған едi. Ал, шын мәнiсiнде Қазақстандағы супер байлардың үлес салмағы небәрi 3% ғана. Ал, Алматыдан немесе Астанадан пәтер сатып ала алмаймын, басқа ойыма келгеннiң бәрiн жасай аламын деушiлердiң үлес салмағы 15%-ды көрсеткен. Демек, бiзде орта тап та қалыптасқан жоқ. Бiздiң сауалнамамызға бәрi жақсы деп жауап беретiн респонденттерге «тапқаның күнкөрiсiңе қаншалықты жетедi?» деп сауал қойсаң, «күнделiктi iшiп-жемге ғана» деп жауап қататындары 40%-ға жетiп қалады. Дегенмен, халықтың 60%-ы болашаққа деген үмiтпен өмiр сүредi. – Олар кiмге үмiт артады екен? – Әрине, бiрiншi орында «президентке сенемiз» деген жауап тұр. Екiншi орынды, «өз күшiмiзге иек артамыз» деген жауап иеленедi. – Әлеуметтiк зерттеулер нәтижесi Қазақстанда қандай да бiр әлеуметтiк жарылыстың болатындығын растай ма? Егер, болатын болса бұл қай салада көрiнiс табуы мүмкiн: жұмыссыздық саласында ма, ұлтаралық қарым-қатынаста ма? – Менiңше, бiздiң қоғамға қауiп төндiрiп тұрған ешқандай проблема жоқ. Халықтың 70%-ы бiр-бiрiмен тату тұратындықтарын және солай жалғаса беретiндiгiн айтқан. Бұл өте жақсы көрсеткiш. 26% тұрғынға бәрiбiр, олар өз алдына ешкiммен байланыспай тұра беруге дайын. Бәлкiм, қоғамды осы бейжайлық қорқытатын шығар. Өйткенi, халықтың төрттен бiрiнiң кез-келген мәселеге салқынқандылық танытып, бейжай қарауы аса қауiптi. Бiздiң жүргiзген ұлтаралық татулыққа байланысты зерттеулерiмiзде қазақтар кез келген мәселеге консервативтi көзқарас танытады және тұйық. Сөйте тұра олар елдегi жағдайға «жақсы» деген баға бередi. Ал, орыстар елден кету себебiн елдегi ұлтаралық климаттың өзгеруiне, күрделенуiне жауып жатады. Қазақтарға қарағанда өзге ұлт өкiлдерi ашық, қарым-қатынасқа түсуге бейiм. Керiсiнше, қазақтар қоғамнан оқшаулап барады. Сондай-ақ, тұрмыстық кикiлжiңдерге келетiн болсақ, қазақтардың басым көпшiлiгiнде өкпе бар. Олар орыстардан өзге этникалық топтардың мүлкiн өзара бөлiп алғысы келедi. – Сiздер жемқорлық жайында да зерттеулер жүргiздiңiздер. Жалпы осы салада жемқорлық дертi дендеген сала қайсысы екен? – Бiз жаңа зерттеулер жүргiзген жоқпыз. 2008 жылдың орта шенiнде осы мәселеге байланысты зерттеулер жүргiзiп келдiк. Онда бiз қарапайым тұрғындар, сарапшылар және заңды тұлғалар деген 3 топқа бөлiп зерттеу жүргiздiк. Олардың жауаптарына қарап отырсаңыз, жемқорлық – бiздiң мемлекетiмiз бен оның азаматтарының арасындағы қарым-қатынасты реттеуде мiндеттi түрде қатысатын дүниеге айналды деген қорытынды жасауға болады. Яғни, мемлекеттiк органдарға қатысты барлық мәселелер жемқорлық арқылы шешiледi деген ойда халық. Шағын және орта бизнес өз iсiн жолға қою үшiн жемқорлыққа жиi ұшырап отырған. – Сiздер халықтың көшiп-қону мәселесiнде де зерттеулер жүргiзген боларсыздар. Жалпы, жұрттың қаншасы Қазақстаннан көшiп кетуге даяр және мұны немен байланыстырады? – Бiздiң жүргiзген зерттеулерiмiз бойынша, сұралғандардың 73%-ы ешқайда кетпейтiндiгiн айтқан. Ал, алдағы екi жылдың iшiнде көшiп кетуге дайындалып жүрмiн дегендердiң пайыздық көрсеткiшi 4%-дан аспаған. Көшiп кетуге дайынмын, бiрақ қашан екендiгiн әлi шешкен жоқпын дегендер 8%-ды көрсеткен. Көшкiм келедi, бiрақ оған дайынмын ба, жоқпын ба, күмәнiм бар дегендер 4%-ды құраған. Көшуге дайын орыстардың 70%-ы зейнет жасындағы адамдар. Ал, 18-22 жас аралаығындағы жастар оқуға кеткiсi келедi. Бай қазақтар Еуропаға кеткiсi келедi. Кедей қазақтар облыс орталығына жеткiсi келедi. Орыстар елдегi ұлтаралық жағдайдың күрделене түсуiне байланысты көшiп кетуге дайын екендiгiн айтады. Сондай-ақ, олар балаларының бiлiмiн жүзеге асыра алмаймыз деген қорқыныштан көшуге дайын екендiгiн көрсетiп отыр. Шадияр Өстемiрұлы, «Жас Алаш» газетi: – Сiз өз сөзiңiзде қазақтар аз ұлттардың дүние-мүлкiн тартып алып, соның есебiнен байығысы келедi дегендi айттыңыз. Бұны неге сүйенiп айтып отырсыз? – Менiң қолымда сарапшылардың «экономикалық ресурстарға ұлтаралық бәсеке» деген қорытындысы бар. Мен, сондай-ақ, баспасөздегi мақалаларға контент-анализ жасадым. Сайрамдағы күрдтер қазақтарды олардың ең шұрайлы жерлердi иеленiп алғаны үшiн қысымға алып отырғандығы жайында айыптады. Бiрақ, бұған қарсы ешқандай пiкiр айтылған жоқ. Мен бұл жерде тек болжамға сүйенiп отырмын. Есенгүл Кәпқызы, «Түркiстан» газетi: – Респонденттердi қалай таңдайсыздар? Әлеуметтiк сауалнамалар елдегi жағдайға қалай барометр бола алады? Өйткенi, сауалнамаға бар-жоғы мыңның айналасындағы адам ғана қатысады ғой? – Қазақстан бойынша, 1100 респондент қатысуы керек. Бұл Қазақстандағы жалпы жағдайды бiлу үшiн сұралады. Ал, облыстарда 1600 адамды сауалнамаға тарта аламыз. Жалпы сауалнамаға әртүрлi топтардан қатысады. – Жақында сiздiң мәскеулiк бiр басылымға берген сұхбатыңызды оқыған едiм. Сонда «Қазақстандағы мемлекеттiк тiлде сөйлегiсi келмейтiндердiң саны көп» дегендi айтыпсыз. Бұл сауалнама кiмдердiң арасында жүргiзiлдi, қала жастарының ба, орыстардың ба, қазақтардың ба? – Онда зерттеу қазақ тiлi жайында емес, орыс тiлi жайында жүргiзiлген едi. Онда «егер мемлекеттiк тiлде сөйлемесеңiз, қай тiлдi қалар едiңiз?» деген сауал болды. Демек, ТМД елдерiнiң әрқайсысында қай тiлге басымдық берiлетiндiгiн анықтап, орыс тiлiнiң қолданылу аясын бiлдiк. Залдан сауал: – Әлеуметтануда бай мен кедейдiң категориясын қалай ажыратуға болады? – Байларды бiз екiге бөлемiз. Бiрiншiсi – бiз ештеңеден таршылық көрмеймiз. Не қаласақ, соған қол жеткiзе аламыз деп жауап бередi. Екiншiсi, Алматыдан, иә Астанадан пәтер сатып алуға қаржым жетпейдi. Ал, қалғанын ойланбай-ақ сатып ала аламын деп жауап бередi. Бiрiншi категорияға жататындардың үлес салмағы 3%-дың айналасында, екiншi топтағылар 10-12%-ға жетедi. Менiңше, бұлар орта таптың өкiлдерi. АҚШ-та орта тап өкiлдерi барлық тұрғынның 50%-ы. Бiзде орта тапты анықтайтын белгiленген қатып қалған стандарт жоқ. Дегенмен, орта тап өкiлiнiң бiр айлық жалақысы – 200 мың теңгеден төмен болмауы тиiс. Ал, Еуропалық стандарт – 1500 еуро болады екен. Ал, бiздегiлердiң көбi 50 мың теңгенi капитал деп есептейдi екен. Бұның өзi халықтың қаншалықты кедей тұратындығын көрсетедi. Әңгiме аяғында Гүлмира Илеуова өзiнiң бiр сауалды күткенiн айтты. «Ол – ұмытылған, жеткiлiктi деңгейде халыққа қайта насихатталмаған тұлғалар және ұмытылып бара жатқан тұлға жөнiндегi сауал» едi дейдi ол. Оның пiкiрiнше, бiрiншi топқа – алашордалықтар, екiншi топқа – Қонаев жатады екен.

Есенгүл Кәпқызы