Жаңалықтар

«ДАРАБОЗДЫҢ» ДӘСТҮРЛI БӘЙГЕСI

ашық дереккөзі

«ДАРАБОЗДЫҢ» ДӘСТҮРЛI БӘЙГЕСI

«ZHERSU» корпорациясы мен Қазақстан Жазушылар одағы бiрiгiп, балаларға арналған әдеби шығармаларға дәстүрлi «Дарабоз» халықаралық бәйгесiн жариялайды. Жабық бәйгенiң негiзгi мақсаты – жас өскiндi өз кiтабына бет бұрғызу, жазушыларға қолдау көрсету, жас ұрпақтың туған елiне сүйiспеншiлiгiн қалыптастырып, ұлтжанды, бiлiмдi ұрпақ тәрбиелеу.

Бәйгеге (1-8 сынып оқушыларына арналған) прозалық, поэзиялық, сахналық шығармалар қабылданады. Нақтылай айтсақ, шығармалар көлемi: повестер – 20-25 бет, әңгiмелер, ертегiлер – 10 бет, топтама өлеңдер, балладалар, ертегi-өлеңдер, шағын сахналық скетч-пьесалар, шағын поэмалар 5 бетке дейiн болуы мiндеттi. Әр парақтың беттелуi (мiндеттi түрде), шығарманың үш дана етiп компьютерлiк стандартқа сай 14 кегельмен жазылуы қатаң талап етiледi, орындалмаған жағдайда бәйгеге қатыстырылмайды. Бұрын жарық көрген және уақытынан кешiккен шығармалар қабылданбайды.

Шығармалар 2010 жылдың 20 сәуiрiне дейiн қабылданып, бәйге қорытындысы халықаралық балаларды қорғау күнi қарсаңында шығарылады. Жүлде алған шығармалар кiтап болып шығып, бұрынғыдай Республика мектептерiне тегiн таратылады.

Бәйгеге жазушылар мен талапкерлер, шетелдегi қаламгер қандастарымыз (бүгiнгi қазақ әлiпбиiмен (кириллицамен) жазылуы мiндеттi) қатыса алады.

Төмендегiдей мөлшерде сыйақы тағайындалды:

Бас бәйге: бiреу – 350 мың теңге;

Бiрiншi бәйге: екеу – 170 мың теңгеден;

Екiншi бәйге: екеу – 80 мың теңгеден;

Үшiншi бәйге: үшеу – 50 мың теңгеден;

Ынталандыру бәйгесi: төртеу – 36 мың теңгеден.

Қазылар алқасының шешiмi қайта қарауға жатпайды.

Ескерту: Жабық бәйге болуы себептi автордың бүркеншiк атының анықтамасы, аты-жөнi, мекен-жайы, байланыс телефоны жазылып, кiшi конвертке салынып, желiмделiп, бетiне тек қана лақап аты жазылады. (Бұдан бұрынғы «Дарабоз» бәйгесiне қатысқандай, өз адресiңдi, аты-жөнiңдi кiшi конвертке жазып қойып жүрмеңдер). Бұл кiшi конверт, үш дана етiп басылып, бәйгеге жiберiлетiн шығармасы бар үлкен конвертке салынып бiрге жiберiледi. Жабық бәйге болғандықтан үлкен конвертке де автордың шын аты-жөнi жазылмайды.

Мекен-жайымыз: индекс 050063 Алматы қаласы, «Дарабоз» бәйгесiне:

№ 010057505 куәлiк иесiне

Ұйымдастыру комиссиясы