ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ
ашық дереккөзі

Шынын айту керек, дәрiгерлiк қызметке тұрғындардың көңiлi толмай жатады. Әрине, бұл жерде дәрiгерлердiң бiлiмi мен бiлiктiлiгiне көп нәрсе байланысты. Жалпы, қызмет сапасы да осы өлшеммен өлшенiп жатады. Осы ретте, дәрiгерлердiң кәсiби деңгейiн арттыруға мән берiлу қажеттiгi туындайды. Дәрiгерлердi оқыту, тәжiрибеден өткiзу жайын мықтап қолға алып отырмыз.

Соңғы жылдары алынған жаңа медициналық қондырғылардың халыққа қызмет етуiн арттырудың нәтижесiнде көптеген ауру түрлерiнде кему үрдiсi бар. Ауруға ең әуелi диагнозын дұрыс қою. Сонда ем-дом дұрыс жүредi.

— Аудандағы елдi мекендерге 40 медициналық тiрек, ФАП, 8-отбасылық емханалар жұмыс iстейдi. Мiне, осындағы қызметтiң сапасын арттыру үшiн олардың материалдық-базаларын нығайтып, жағдай жасауымыз керек. Осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылады. Ауылдардағы емдеу орындары күрделi және ағымдағы жөндеулерден өттi. Кейбiрi жаңадан салынып пайдалануға берiлдi.

Жыл сайын медициналық саланы қаржыландыру жақсарып келедi. Атап айтсақ, 2008 жылы облыстық бюджеттен күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуде 63582000 теңге бөлiндi. Өткен жылы ауданымыздың бiр тұрғыны 9318 теңге, тамаққа 29046,57 теңге, 1 төсек күнiне 255,57 теңге, дәрi-дәрмекке 102207,0 теңге, 1 төсек күнiне 705,99 теңге бөлiндi. Осы көрсеткiштер өткен жылғы мәлiметтермен салыстырғанда едәуiр көп.

Аудандық ауруханаларда 15816 ауру емделiп шықты. 40 мыңнан астам тұрғындар флюорографиялық және басқа да байқаулардан өттi. Аурушаңдық саны өскенмен, қан қысымы, жүрек ауруы сияқты өсiп отырған ауру түрлерi өткен жылы кемiдi.

Халықтың денсаулығын сақтау бағытында бiрқатар мақсатты бағдарламалар жүзеге асатын болады. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру, күрделi ауру түрлерiмен күрестi жандандыру, туберкулез ауруының алдын-алу, жұқпалы аурулардың профилактикалық бағыты және көптеген мәселелер қолға алынды. Осының нәтижесiнде тұрғындардың денсаулық көрсеткiштерiн қалыптастыруға жағдай туып, аудандағы демографиялық жағдай жақсара түстi. Тууды көбейту мен өлiм жағдайларын азайту қолға алынды. Әлеуметтiк тұрғыдағы айырықша маңызды ауруларды төмендету бағытындағы жұмыстар нәтижесiз емес.

Атап айтсам, 8 елдi мекенде арнайы дәрiгерлiк тiрек жоқ. Әлi де 29 ауылдардағы емдеу тiректерiн жөндеу мiндетi тұр. Патронаж медбикелердiң жұмысын жолға қою, бала өлiмiн болдырмау, өкпе-құрт ауруларын төмендету және басқа да жұмыстар күтiп тұр.

Бәрiнен де дәрiгерлiк қызмет сапасын жақсартуға күш салсам деймiн.

Алмас АҚШАЛОВ,Түлкiбас ауданы медицина

бiрлестiгiнң бастығы