Жаңалықтар

КОМПЬЮТЕР ДЕ ҚАЗАҚША ТҮСIНЕТIН БОЛАДЫ АЛ, ШЕНЕУНIКТЕР...

ашық дереккөзі

КОМПЬЮТЕР ДЕ ҚАЗАҚША ТҮСIНЕТIН БОЛАДЫ АЛ, ШЕНЕУНIКТЕР...

Қазақ әлiпбиiн латын тiлiне көшiру iсi алдағы жылы бiржола шешiмiн табуы мүмкiн. Тiл мамандары мен ғалымдарды, зиялы қауым мен педагогтарды, саясаткерлер мен журналистердi түрлi дауға тап қылған бұл мәселенiң нүктесiн Мәдениет және ақпарат министрлiгi қоймақ. Мұны «Тiл туралы» Заңға 20 жыл толуына орай Астанада өткiзiлген «Мемлекеттiк тiлге — мелекеттiк қолдау» атты республикалық көрмеде вице-министр Ғазиз Телебаев мәлiмдедi.

Шенеунiктiң айтуынша, латын әлiпбиi қазақ тiлiнiң ғаламтордағы қолданыс аясын кеңейте түспек. Алдағы уақытта министрлiк қазақша ауызша материалды өздiгiнен компьютерге түсiретiн бағдарлама жасауға ақша бөлмек. Телебаев: «Ендi компьютер де қазақша түсiнетiн болды» деп әзiлдеп қойды.

Комьютердiң өзi қазақша «тiл сындырып» жатқан тұста қазақ тiлi мемлекеттiк тiл мәртебесiн алған 20 жылдан берi 20 сөздiң басын құрап сөйлей алмайтын шенеунiктерiңiз қайтер екен, ә?