ҚАЛАДАҒЫ ҚАЗАҚ ТIЛI

ҚАЛАДАҒЫ ҚАЗАҚ ТIЛI

ҚАЛАДАҒЫ ҚАЗАҚ ТIЛI
ашық дереккөзі

Жуырда Алматы әкiмшiлiгiнде қалалық Тiлдердi дамыту басқармасының ұйымдастыруымен “Қаладағы қазақ тiлi: Мемлекеттiк тiлдi жеделдетiп оқытудың өзекi мәселелерi” атты ғылыми-тәжiрибелiк конференция өттi.

Конференция филология ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласы Тiлдердi дамыту басқармасының бастығы Кенжехан Матыжановтың алғысөзiмен ашылды. Әрмен қарай, “Тiл” әдiстеме орталығының директоры Мамай Ахетов баяндамашыларға кезекпен сөз берiп, жүйелi түрде жүргiзiп отырды. Алғашқы болып филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Хасанов “Тiлұстартудың ұтымды ұстанымы – ұлттық дiлдi ұлықтау” деген тақырыпта баяндама жасады. Бұдан соң, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетiнiң медицина ғылымдарының докторы, профессор К.Алтынбеков “Медицина саласындағы мемлекеттiк тiлде бiлiм берудiң ерекшелiктерi” деген тақырыпта баяндамасын оқыды. “Қазақстан мектебi” журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С. Әбiшқызының “Қазақ тiлiнiң оқыту мәселелерi және педагогикалық басылымдар” тақырыбындағы баяндамасы әсерлi шықты. Сондай-ақ, ғылыми-тәжiрибелiк конференцияда С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң тiл саясаты бөлiмiнiң бастығы И.Құлманбетов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институтының бас ғылыми қызметкерi Ә.Жүнiсбек және тағы басқалар тұщымды ойларын ортаға салды. Түс әлетiнде соңғы кезде қазақ тiлiне қатысты жарық көрген кiтаптардың көрмесi өттi. Күн төбеден ауған соң да, тiл жанашырларының қазақ тiлi туралы “толғаулары” толастаған жоқ. “Тiл” оқу-әдiстеме орталығының оқытушысы Аюбай Қалиұлы “Мемлекеттiк мекемеде мемлекеттiк тiлдi жеделдетiп оқытудың өзектi мәселесi” деп аталатын баяндамасында “Қызметтiк iс қағаздарының өзiндiк үлгi, стилi болуымен қатар, құжаттық сөйлемдердiң құрылымдары күрделi болатындығы белгiлi. Сондықтан құрмалас сөйлем түрлерiн практикалық жолмен игерту көзделедi. Тыңдаушы бұл курста өз қызметi бойынша мемлекеттiк тiлдегi құжаттарды оқуға, күрделi атаулар мен сөйлемдердегi негiзгi ойларды түсiнуге үйренедi” – деген пiкiр бiлдiрдi.

Алғадай АСҚАР