СТАТИСТИКАҒА ЖҮГIНСЕК...
СТАТИСТИКАҒА ЖҮГIНСЕК...
Статагенттiк алғашқы сегiз айға тиесiлi сандық және пайыздық көрсеткiштердi БАҚ пен көпшiлiк назарына ұсынды.
ҚР Статистика жөнiндегi агенттiктiң хабарлауынша, 2009 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы саласына қатысты өнiмдерден түскен пайда 524,8 млрд. теңгеге жеткен. Бұл көрсеткiш 2008 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 5,5%-ға кем. 2009 жылғы шiлдеде халықтың орташа деңгейдегi жан басына шаққандағы ақшалай табысы 34896 теңгенi құрады. Өсiм 2008 жылғы шiлдемен салыстырғанда, ақшалай табыс көлемi 9,3%-ды құрады, нақты ақшалай табыстар үшiн – 2,3%. Үстiмiздегi жылдың тамызында жұмыссыздар саны 558,7 мыңға жуық. Жұмыссыздық деңгейi экономикалық тұрғыда белсендi адамдардың 6,4%-ына тең. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретiнде тiркелгендер саны 2009 жылғы тамыздың соңында 92,3 мың (1,1%) адам болған. Ал жасырын жұмыссыздық деңгейi экономикалық тұрғыда белсендi халық санының 0,7%-ына тең. 2009 жылғы шiлдеде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақысы – 69756 теңге. Яғни, 2008 жылғы шiлдеге қарағанда өсiм 10,3%-ға артық. Нақты жалақы көрсеткiшi 2008 жылғы шiлдеде 103,2% болатын. Қысқа мерзiмдi экономикалық индикатор 2009 жылғы қаңтар-тамызда 2008 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 95,9%-ын құрады. Қысқа мерзiмдi экономикалық индикаторды есептеу жеделдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖIӨ-нiң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, құрылыс, сауда, көлiк және байланыс сияқты негiзгi салалар бойынша шығарылым индекстерiнiң өзгеруiне негiзделедi. Тұтыну бағаларының индексi 2009 жылғы тамызда 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,3%-ға жуық. Азық-түлiк тауарларына бағалар – 2,7%, азық-түлiк емес тауарлар – 6,2%, ақылы қызметтер көрсетуге 4,7%-ға қымбаттапты. Өнеркәсiп өнiмiн өндiрушi кәсiпорындар бағалары 2009 жылғы тамызда 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 17,5% артты. 2009 жылғы қаңтар-маусымда жедел деректер бойынша жалпы iшкi өнiм көлемi ағымдағы бағаларда 6446,3 млрд. теңгенi құрады. 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты ЖIӨ-нiң төмендеуi – 2,3%, ЖIӨ құрылымында тауар өндiру үлесi – ЖIӨ-нен 39,0%, қызмет көрсету – 61,3%. 2009 жылғы қаңтар-тамызда негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 2599,1 млрд. теңгеге жетiптi, бұл өткен жылғы осы мерзiммен салыстырғанда, 5,4% артық. Есесiне, 2009 жылғы қаңтар-шiлдеде сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетiнiң деректерi, ұйымдаспаған сауда есебiнсiз) 36614,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2008 жылғы қаңтар-шiлдемен салыстырғанда 42,0% азайды. Экспорт – 21003,4 млн. АҚШ доллары (50,0%-ға азайған), импорт – 15611,5 млн. АҚШ доллары (25,9%-ға кем). 2009 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi ағымдағы бағаларда 5270,9 млрд. теңгенi құрады, бұл 2008 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 1,5% кем. Өңдеу өнеркәсiбiнде (9,4%), электр энергиясын, газ бен суды өндiру және бөлуде (5,5%) байқалыпты. Ал кен өндiру өнеркәсiбiнде өндiрiс 4,0%-ға өсiп, 2009 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының көлемi 211,7 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көлiктiк емес ұйымдар мен кәсiпкерлердiң жүк айналымы көлемiнiң бағалауы есебiмен) құрап, 2008 жылғы тиiстi кезеңмен салыстырғанда 11,9% төмендеген.
Тiркелген заңды тұлғалар саны 2009 жылғы 1 қыркүйекке 293571 бiрлiктi құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,2% артқан, оның iшiнде 50 адамнан кем емес қызметкерлерi бар – 278197 бiрлiк. Жұмыс iстеп тұрған заңды тұлғалар саны 186235 құрады, оның iшiнде 171882 бiрлiк – шағын кәсiпорындар. Республикадағы шағын бизнес субъектiлерiнiң саны 210916 бiрлiктi құрап, өткен жылғы тиiстi кезеңмен салыстырғанда 5,2% артты. 2009 жылғы 1 тамызға мемлекеттiк бюджет түсiмдерi 2066,4 млрд. теңгенi, шығыстары – 2168,4 млрд. теңгенi, бюджет тапшылығы – 102,0 млрд. теңгенi құрады. 2008 жылғы алғашқы 8 аймен салыстырғанда, түсiмдер – 2,1%-ға, ал шығыстар 2,7%-ға көтерiлген. 2009 жылғы I тоқсанда кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржы нәтижесi табыс ретiнде 317,1 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2008 жылғы сәйкес кезеңдегi деңгейден 73,1% төмен. Пайдалылық деңгейi 8,8% құрды. Есеп берген кәсiпорындардың жалпы санынан залалды кәсiпорындар үлесi – 50,8%. Екiншi деңгейдегi банктердiң экономика саласына несиелiк салымдары 2009 жылғы шiлденiң соңына 8079,6 млрд. теңгенi құрап, өткен жылғы тиiстi кезеңмен салыстырғанда, 11,0%-ға жоғарылады. Ұзақ мерзiмдi несиелердiң үлес салмағы – 83,4%, шетелдiк валютадағы несиелер 52,1% құрады. Ал банк жүйесiндегi депозиттер көлемi 6284,4 млрд. теңгенi құрады, бұл өткен жылғы тиiстi айға қарағанда 35,7% артық. Жеке тұлғалардың депозиттерi 10,8% артып, 1629,1 млрд. теңгенi құрапты.
Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ