Жаңалықтар

АЙТ МЕРЕКЕСI МҮБАРАК БОЛСЫН!

ашық дереккөзі

АЙТ МЕРЕКЕСI МҮБАРАК БОЛСЫН!

Құрметтi мұсылман бауырлар, отандастар!

Мiнеки, ораза ұстап, тарауих намазын оқып, пiтiр, садақамызды беретiн қасиеттi Рамазан айы да аяқталды. Алла тағаланың рахымы мен мейiрiмiне, кешiрiмi мен шарапатына толы бұл аймен қоштасарда, көңiлде қимастық сезiмi ұялады. Мұны әлi талай еске алатынымыз хақ. Алайда қасиеттi айдың артынша Айт мерекесi де келiп, дүние мен ақыреттiң ғажап құндылықтарын сездiрiп, жүрегiмiздi ерекше рахатқа кенелттi. Бұл мереке бiр айлық оразадан кейiнгi жалпы халықтық ауызашар iспеттес. Кей ғалымдардың бұл айтты “Ифтар” (ауыз ашар) айты” деп атауы да тектен тек емес.

Алла елшiсiнiң (с.ғ.с.) хадистерiнде айт мейрамына тағам жеп, сусын iшу, Алланы еске алу, қонақ күту тән екендiгi бiлдiрiлген. Ендеше айт күндерiн құлшылығымызды кемiтпестен көтерiңкi көңiл-күймен және басқа да сауабы мол iстермен өткiзгенiмiз абзал.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға көшiп келгенде, жергiлiктi халықтың мейрамдап көңiл көтерiп жатқанын көрiп: “Бұл қандай мереке?” деп сұрағанда, олардан: “Бұл бiздiң Исламға дейiн тойлап келе жатқан мерекелерiмiз,” — деген жауап естiдi. Сонда Расулулла (с.ғ.с.): “Алла сiздерге бұдан да ұлық екi мейрам бердi. Олар Рамазан және Құрбан айттары” деп осы ислами мейрамдардың мәртебелi екендiгiн бiлдiрген.

Айт күнiнiң өзiне тән жарасымды да сауапты амалдары мол. Ерте оянып, ғұсыл құйынып, дәрет алып, таза, жаңа киiм киiп, жұпар иiс сеуiп, айт намазына қатысу сүннет.

Ораза айтында ата-ана мен қарияларға сәлем берiп батасын алу, сырқат кiсiлердi зиярат етiп көңiлiн сұрау да iзгiлiктi амалдарға жатады.

Ренжiсiп қалған кiсiлермен татуласып, қатынас үзiлген туыстардың үйлерiн аралау да ерекше маңызды. Өйткенi Алла тағала: “Сен кешiрiм жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр” (“Ағраф” сүресi, 199-аят) деп мұсылмандарды барынша кешiрiмдi бола түсуге шақырған. Көңiлi қаяу мұқтаж адамдар мен жарлы-жақыбай, мiскiндер айт күндерiнде көбiрек көмек-қолдау, садақа күтiп, дәметедi. Сондықтан да мұндай мұқтаж жандарға қайыр-садақа үлестiрiп, көңiлдерiн аулаған мақұл.

Ел мұсылмандары Қазақстанның жүргiзiп отырған iшкi және сыртқы саясатына қолдау бiлдiрумен қатар ұлттараралық келiсiм мен дiндераралық төзiмдiлiктi одан әрi де нығайтуға, сүйiктi Отанымызды өркендету мен оның мәдени, рухани құндылықтарын сақтап, дамыта түсуге мұнан былай да күш-жiгерiн аямай жұмсай бермек. Бiздегi бүгiнгi өзара сыйластық пен жарасымдылық, ынтымақтастық пен дiндерге деген құрмет басты мақсатымыз болып қала бермек. Бiз бұл жетiстiктерiмiз үшiн Алла тағалаға дәйiм шүкiршiлiк етуге тиiспiз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың елiмiздi әлемнiң бәсекеге қабiлеттi елу елiнiң қатарына қосу жөнiндегi бастамасына нақты iспен барынша қолдау бiлдiрiп, бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығарайық.

Елiм, жерiм, дiнiм, Отаным, халқым деп жар құлағы жастыққа тимей жүрген Елбасы мен ел қамындағы асыл азаматтарымызға Алла тағала жар болсын! Ойға алған iс-жоспарларын жүзеге асыруға күш-қуат бергей!

Асыл дiнiмiз шақырғандай бейбiт, әрi өзара сыйластық пен ынтымақта өмiр сүрер болсақ, онда мұнан да қарқынды дами түсерiмiз сөзсiз.

Алла тағала Рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етiп, екi дүниенiң бақытына бөлегей! Халқымыздың ынтымақ-бiрлiгiн арттырып, ырыс-несiбесiн адалынан молайтқай! Дiнiмiзге қуат, өзiмiзге иман байлығын бергей! Әумин!

Iзгi тiлекпен,

Қазақстан Мұсылмандары Дiни басқармасы және Орта Азия

мүфтилер кеңесiнiң төрағасы ШЕЙХ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБIСӘЛI