АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНДА – 10 МИЛЛИОНЫНШЫ ЖОЛАУШЫ

АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНДА – 10 МИЛЛИОНЫНШЫ ЖОЛАУШЫ

АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНДА – 10 МИЛЛИОНЫНШЫ ЖОЛАУШЫ
ашық дереккөзі

Әуежай. Ұшақ. Жолаушы. Мiне, әуе компаниясының күнделiктi қызметi.

Қазақстан жерiнде келiмдi-кетiмдi жолаушылар әуе қатынасын жиi пайдаланады екен. “Air Astana” әуе компаниясының қазақ даласының көгiнде жолаушы тасығанына 7 жыл. Аталған әуе компаниясы өз тарихындағы 10 миллионыншы жолаушыны межелi жерiне жеткiздi. Шымкент қаласынан Алматы бағытындағы КС 972 рейсiне алынған билеттiң иесi Сәуле Исабекова тiркеу автоматты жүйесiнiң кездейсоқ таңдау әдiсi арқылы анықталыпты. Сөйтiп, Алматы 10 миллионыншы жолаушыны күтiп алды. — Жұмыс бабымен Алматыға жиi қатынаймын. Әдетте эконом класпен ұшатынмын. Осы жолы менi эконом кластан бизнес класқа ауыстырып отырғызды, — дедi жолаушы қуанышын жасыра алмай. Әуе тасымалдаушы “Air Astana” компаниясы 10 миллионыншы жолаушыны әуежайда салтанатпен қарсы алып, компания атынан кез келген жерге барып-қайтатын екi билет табыстады. Бұл салтанатты рәсiмде “Air Astana” АҚ қаржы вице-президентi Асхат Бейсенбаев әуе қатынасын қамтамасыз етiп отырған компанияның артықшылықтары мен қызмет көрсетуде алдыңғы орында екенiн атап өттi.

“Air Astana” әуе компаниясы әуе кемелерiне еуропалық EASA/PART 145 стандарттары бойынша техникалық қызмет көрсету сертификатын иеленген жалғыз компания. Соның арқасында Лондон, Стамбул, Пекин, Дели, Дубай бағыттарында ұшып-қона алады. 2002 жылдан берi әуе тасымалын атқарып келген компания сол жылы 164 мың адамды жеткiзсе, алдыңғы жылы 2,3 млн. адам тасымалдаған. Небәрi жетi жылдың iшiнде миллиондарды керек жерiне жеткiзiп үлгердi. Байқаған боларсыздар, жыл сайын жолаушы саны да өсiп келедi. Соған орай электронды билет түрлерi және Nomad Club марапаттау бағдарламасы енгiзiлiп, әр қалада сату кеңселер желiсi ашылды. Сонымен қатар жаңа Алматы-2 халықаралық терминалы салынып жатыр. Болашақта халықаралық ұшып-қонулар осы жерден жүзеге асырылмақ. Қазақстандағы тұңғыш әрi қарымды компания болғандықтан алда жаңа жобалар қарастырылып, электронды қызмет түрлерiн ұсынуда.

Ақниет ОСПАНБАЙ