Жаңалықтар

“АЛАТАУ” — АНТАЛИЯДАН АРТЫҚ

ашық дереккөзі

“АЛАТАУ” — АНТАЛИЯДАН АРТЫҚ

Сексенiншi жылдардың басында Қонаевтың жұлдызы жанып, КСРО-да атақ-даңқы шарықтап тұрды. Қазақстан басшысы Брежневтен кейiнгi екiншi адам едi. Өйткенi ерен еңбегi мен зор ұйымдастырушылық iсi үшiн екiншi рет Еңбек Ерi атағы берiлiп, тағы бiр “Алтын Жұлдыз” кеудесiне тағылды. Димекең Қазақстанға байланысты қандай мәселе көтерсе – ол Орталық арқылы орындалып жатты.

Осы кезеңде Димекеңдi экономикадан гөрi мәдени, рухани және әлуметтiк мәселелер мазалайтын. Әсiресе, халықтың денсаулығы мен демалыс орындарына ерекше көнiл бөлу Димкеңнiң күн тәртiбiнен түспейтiн шаруасы едi.

Бiрде, Мәскеуде СОКП қаржысына Одақтас Республикаларда шипажай үйлерiн салу мәселесi сөз болады. Қаржыға байланысты құпиясы бар бұл шаруаның қыр-сырын Димекенiң сенiмдi әрi iскер көмекшiсi Дүйсетай Бекежанов жақсы бiлетiн. Өйткенi қаржыдан дәмелi Өзбекстан басшылары жолын тауып, СОКП ақшасына алдымен өз Республикаларында шипажай салудын айлалы әрекетiне кiрсiп кетедi. Өзбекстан басшысы Шараф Рашидовтың көмекшiсi бiр жерде қонақта шарап iшiп отырып, бұл құпияны Дүйсетайға қалай айтқанын өзi бiлмей қалады. Дүйсекең көп ойланбай Димекене кiрiп: “Димаш Ахметұлы тездетiп тәукел етпесек кұдай өзi берiп тұрған нәрседен құр қаламыз. Шипажайды бiзден бұрын Өзбектер салады” дейдi. Политбюро мүшесi Димкең дереу Мәскеуге шығып, тиiстi адамдармен сөйлесiп, партия қаржысына алдымен Қазақстанда шипажай салудың қажеттiлiгiн қадап айтады және бұл мәселе табанастында шешiледi. Көп өтпей Алатау етегiнде, Алматы маңында қазiр атағы әлемге белгiлi “Алатау” шипажайы өмiрге келедi. Оның бас дәрiгерi болып, “Сарыағаш” шипажайын барлық жағынан заман талыбына сай жарқыратып, айтуға теңеу жоқ демалыс орнына айналыдырған Оразгелдi Түктiбаев бекiтiледi. Орекең қызметiне тағайындаларында арнайы қабылдаған Димекең: “Iнiм, сенiң өмiрбаяның мен iсiң, Сарыағашты Одаққа белгiлi еткен еңбегiң маған таныс. Сондықтан бұл жерде де абыройлы еңбек етуiңе тiлiктеспiн”деп сенiм артады. Айтпақшы, Орекең, iскерлiгi мен беделi арқасында шипажай ғимараты бiтпей тұрып, осы қызметке бекiтiлген едi. Сөйтiп, құрылсытың жүруiн өзi бақылап, шипажай саябағы болатын жерде өз қолымен көшет отырғызып, неше түрлi сәндiк ағаштар мен қымбат дарақ өскiндерiн, гүлзар алаңдарын жасауға жан сала кiрiскен бағбан да едi. “Алатау” оның тұрған жерi және кең алқапты алып жатқан саябағы қазiр ұжымақты елестетедi. Сондықтан мұндағы демалушылар “Алатау” — Анталиядан артық” деп кезiнде “ұлттық бренд” жасап кеткен Димекеңдi ұлықтайды. Алатау – әлемде Қазақстанның ұжымақ жерлерiне саналады. Өйткенi, тамаша табиғат аясында, керемет жерде “Гольф” алаңы бар. Әлемдiк бизнес және рухани даму мәселелерiне байланысты кейде халықаралық жиындар осында өтедi. Өйткенi, “Алатау” – заманауи адам игiлiгi мен өркениет үрдiсiнiң көрiнiсi. Бәрiнен бұрын ұлы Димекеңе байланысты және “кеңестiк кереметтер” туралы айтылғанда көз алдыңызда жарқырап “Алатау” тұрады.

Биылғы жаңбырдың көп жаууына байланысты шипажай саябағы жақұттай жанып, бұрынды-соңды болмаған табиғат таңғажайыбын көрсеттi. Саябақта Димекең сыйға тартқан сәндiк ағаштар мен шыршалар көздiң жауын алады. Олар киеге саналады.

Ораз-Ай