“СЫР БОЙЫ БӘРI БIЛЕД ЖҮСIП АТЫН!”

“СЫР БОЙЫ БӘРI БIЛЕД ЖҮСIП АТЫН!”

“СЫР БОЙЫ БӘРI БIЛЕД ЖҮСIП АТЫН!”
ашық дереккөзі

“Мәдени мұра” мемлекеттiк бағдарламасының аясында “Сырдария” кiтапханасы сериясының шығып жатқанына бiраз болды. 2008 жылы Қызылорда облысының сол кездегi әкiмi Мұхтар Құл-Мұхаммед Сыр өңiрiнен шыққан ақын-жазушылардың шығармаларын топтастырып, 200 том шығаруды қолға алған едi. Бұл игi бастамаға түрткi болған кiсiлердiң бiрi – ақын Сейфолла Оспан да, екiншiсi – зерттеушi, этнограф-ғалым Тынышбек Дайрабай болғанын айту парыз. Құл-Мұхаммед бастаған жақсы iстi қазiргi әкiм Болатбек Қуандықов одан әрi жалғастырды.

Қазiргi таңда “Сырдария кiтапханасының” аясында 140 томдық жарық көрген. Оның iшiнде Қалтай Мұхамеджановтың аудармасымен “Мың бiр түн” ертегiлерiнiң 8 томдығы, Әбдiжәмiл Нұрпейiсовтiң 5 томдығы, Әбдiлдә Тәжiбаевтың 5 томдығы, Әбiраш Жәмiшевтiң 2 томдығы жарық көрген. “Қорқыт ата кiтабы”, “Жанғожа батыр туралы дастандар” жинағы да халық игiлiгiне жараған кiтаптар болды. Иран-Ғайып, Шөмiшбай Сариев, Садықбек Хангелдин, Адам Мекебаев сынды ақын-жазушылардың жинақ шығармалары да оқырман қолына тиiп үлгердi.

Жақында “Сырдария кiтапханасы” сериясымен тағы бiр жаңа кiтап “Фолиант” баспасынан шықты. Ғалым Тынышбек Дайрабай қазақ тарихында аты қалған Үш Жүсiптiң шығармашылығын жинақтап, бiр кiтапқа топтастырған екен. Оқырман назарына Кете Жүсiп Ешниязұлды, Қаңлы Жүсiп Қадiрбергенұлы, Жүсiп Таубайұлының өлең-толғаулары, дастандар мен айтыстары, термелер мен хикаялары ұсынылып отыр. Зерттеушi Т.Дайрабайдың айтуынша, бүгiнде бұл ақындардың iздеушiсi жоқ, дегенмен олардан қалған мұраның қазақ әдебиетi тарихында алатын орны бөлек. Зерттеушi Үш Жүсiптiң айтыстары мен дастандарға қоса түсiнiктер мен дереккөздерiн қоса берiп отыр. Жүсiп Ешниязұлы айтпақшы: “… Сыр бойы бәрi бiлед Жүсiп атын!” дегендей, әдебиет тарихындағы Үш Жүсiптiң мұрасы да халық игiлiгiне қызмет ете бергей!