Жаңалықтар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» МЕН АЛЬЯНСТЫҢ ОРТАҚ КЕЛIСIМI

ашық дереккөзі

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» МЕН АЛЬЯНСТЫҢ ОРТАҚ КЕЛIСIМI

Альянс Банкi (ары қарай – Банк) кредиторлармен қарызды қайта құрылымдауда өзара келiсiмге келгенiн хабар еттi. Бұл, демек, Самұрық-Қазына ҰӘҚ-ның мемлекет атынан енуi үшiн қажеттi басты баспалдақтың бiрi.

2009 жылдың 7 шiлдесiнде Банк және Банктiң 9 iрi несие берушiлерiн бiрiктiрген Кредиторлар комитетi Банктiң қарыздарын қайта құрылымдау мәселесi бойынша өзара түсiнiстiк жөнiндегi Меморандумға қол қойды. Бұл қабылданған құжатқа сәйкес, Банк кредиторлары қарызды құрылымдау бойынша ұсынылған жолдарды iске асыруға бiрауыздан келiстi. Ал Банк қарызын қайта құрылымдау үрдiсi 2009 жылдың 1 қарашасына дейiн аяқталады.

Жақында Самұрық-Қазына және Банк Мүдделер жөнiндегi келiсiмге отырмақ. Бұл құжат құрылымдау табысты аяқталса, Қор Банк акцияларының бақылау пакетiн сатып алуды көздейдi. Сондай-ақ, мәмiле жасасқаннан кейiн, Қор Банк капиталын пруденциалды нормативтерге сәйкес келтiруге қажеттi Банктiң қайта капиталдануын өткiзедi.

“Соңғы кезде банкте өткiзiлген ауқымды өзгерiстер өз нәтижелерiн беруде. Атап айтсақ, бiз Банктiң операциялық қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында филиалдар желiсiн, бизнес үрдiстерiн, ұйымдастырушылық құрылымды оңтайландырдық”, – дедi “Альянс Банкi” АҚ Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашев. Ол сондай-ақ, “Бiз елiмiздiң үкiметiне, Қаржылық нарықты қадағалау агенттiгiне, Самұрық-Қазына қорына әлемдiк дағдарыс жағдайында қазақстандық экономиканы қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы iс-шаралардың барлығына банктi қатыстырып қолдау көрсеткенiне алғысымызды бiлдiремiз. Себебi, Банк Үкiметтiң сенiмiн ақтап, сенiмдi әрi тұрақты қаржылық институт болып қала беретiндiгiн және ол үшiн елiмiздегi салымшылардың мүдделерi бәрiнен де маңызды екендiгiн iспен дәлелдей алды. Альянс Банкi әрқашан әдiлдiк, сенiм, ашықтық қағидаларына сүйенiп келедi. Бiр айта кетерлiк жайт, бұл қағидалар бизнестi жүргiзудiң оң әдiстерiн тағы бiр айқындап көрсеттi” дегендi жеткiздi.

Сонымен қатар, Банктiң кеңесшiлерi “Lazard Freres, White&Case және John Howell&Co компанияларына және Кредиторлар комитетiне банкке сенiп, әрi бiзбен ынтымақтасуға дайын екендiгi көрсеткенi үшiн рақмет айтамыз. Бiз Альянс Банкң Қазақстанның қаржылық нарығында әлi де елеулi рөл атқаратынына кәмiл сенемiз” деп мәлiмдедi. Ал, “Самұрық-Қазына” Ұлттық Әл-ауқат Қоры” АҚ Қаржылық директоры Абай Ескендiров: “Банктiң Кредиторлар комитетiмен қол жеткiзген келiсiмi Қазақстанның күллi қаржылық жүйесi үшiн өте маңызды. Бiз Банктiң қазiргi басшылығы осындай күрделi iстi табысты әрi жемiстi аяқтап, оның нәтижесiнде Альянс Банкiнiң оң капиталы қалыптасып және жаңа инвестицияларды тартатынына үмiт бiлдiремiз” дедi.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ