“ЖАС ОТАННЫҢ” МАРАПАТЫ
“ЖАС ОТАННЫҢ” МАРАПАТЫ
28-маусым –журналистердiң кәсiби мерекесi. Осы мерекеге орай өткен аптада “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының “Жас Отан” жастар қанатының жанынан құрылған “Заңғар” шығармашылық бiрлестiгi бiр топ журналистердi марапаттады.
Бiрлестiктiң қолдауымен жас ұрпақтың ортасында ұлттық тiлiмiз бен мәдениетiмiздi, салт-дәстүрiмiздi насихаттау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын “Ана тiлi” ауры” байқауы және Алматы қаласындағы Абай алаңында 500-ге тарта домбырашылардың қатысуымен өтетiн “Домбыраның күмбiрi–халқымыздың бiрлiгi” атты күй кешiн өткiзу жоспарланып отыр. Сонымен бiрге қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күнiне арналған Абай әндерiн орындайтын әншiлердiң қатысуымен концерт өткiзiлмекшi. Бұған қоса журналистер мен жас ұрпақтың арасында ұлттық ойындарды жандандыруды да “Заңғар” шығармашылық бiрлестiгi қолға алуда.
Осындай бiрқатар жобаларды iске асырып отырған “Заңғар” өткен жұмада жас ұрпақты отансүйгiштiк пен ұлтжандылыққа шақыру жолында сiңiрген еңбегi үшiн және елiмiздiң өркендеп-өсуi мен гүлденуi жолында шығармашылық жұмыстарында жетiстiктерге қол жеткiзген теле-радио журналистер мен мерзiмдiк басылымдардың қызметкерлерiн арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Мараптақа ие болған журналистердiң iшiнде жастарды спортқа баулып, елiмiздегi кәсiпқой бокстың дамуына елеулi еңбек үлесiн қосып жүрген атақты боксшы Марат Мәзiмбев пен халқымызға танымал сәнгер Құралай Нұрқадiлова да бар. Сондай-ақ, “Түркiстан” газетiнiң тiлшiсi, бiлiктi журналист Гүлзина Бектасова да “Заңғар” шығармашылық бiрлестiгiнiң алғыс хатымен марапатталды.
Үмбетәлi МЕЙМЕШ